astana-view

Астық пен орақтың әні

2015 жылғы 01 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
13537 просмотров

Қарағанды облысы Осакаров ауданында Егістік күні өтті, оған 4 өңірден 200-ге жуық ауылшаруашылық өндіруші қатысты

Орақ маусымы қарсаңында аграрийлердің дәстүрлі кездесуі – аграрлық сектор жаңалықтарын таныстырумен өтетін жиналыс әрі мерекені біріктіретін Егістік күні өткізіледі. Шаруалар тәжірибелерімен бөлісіп, сала түйткілдерін ортаға салады. Қонақтар Осакаров ауданының түрлі ауылдарынан ғана емес, көошілес жатқан Абай, Нұра және Бұқар жырау аудандарынан да келді.

«Егістік күні-2015» Қарағанды облысындағы ауыл шаруашылық өнімінің 35 пайызы өндірілетін Осакаров ауданында ұйымдастырылды. Жетекші технологиялар дәл осы жерде енгізіліп, ең соңғы ауыл шаруашылық техникасы сыналады. Мұнда ылғал-ресурс сақтаушы технологияны қолдану, жоғары өнімділікті техника мен заманауи өсімдікті қорғау құралдарын қолдану нәтижесінде ауа райы жағдайларына қарамастан, астық тұқымдастардың тұрақты түсімі алынады.

Биыл аграрийлерді «Найдоровское» ЖШС өз егістігінде қарсы алды. «Егістік күнін» өткізу орны инновациялылық критерийлері бойынша таңдалады. Мұнда ауылшаруашылық өндірушілерді азық даярлау, зәйтүн тұқымдастарды өсіру технологиясымен, жаңбырлатқыш қондырғыны қолданумен картоп өсіру жолдары таныстырылды. Биыл инновациялық технология – жаңбырлатқыш қондырғы алғаш рет іске қосылған болатын. «Найдоровское» ЖШС өнімін Еуропа одағының 15 еліне экспорттайтынын айта кету керек.

«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ауданның ауылшаруашылық құрамалары 236 мың гектар жерге астық тұқымдастарды, 8 мың гектарға зәйтүн, 7700 гектарға жем-шөп егіп шықты. Соңғы он жылда алғаш рет картопқа 314 гектар жер берілді, соның ішінде 120 – «Найдоровское» серіктестігінде. «Роза-Агро» фермерлік шаруашылығындағы картоп пен көкөністер егілген 102 гектар жерде тамшылай суару игерілген, бұл аудан үшін жаңалықтың бірі болып табылады», - деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәдениет Божбанов.

Өңірлік бизнес-қоғамдастық басшысы сонымен бірге ауылдықтардың өсу қарқынын ұстап тұруы қажет екенін, әсіресе алдағы субсидияларды қысқарту қарсаңында мұның ерекше қажеттігін атап өтті.

«Егістік күні» аясында семинар-жиналыс өтіп, онда суарылатын жерлерді жаңарту мәселесі талқыланды. Семинарда суаратын су жетіспеушілігі және тапшылығы жағдайында тамшылай және жаңбырлатып суару технологияларын қолданудың мол өнім алуға мүмкіндік беретіні дәлелденді. Сондықтан да Осакаров ауданы жағдайында суармалы егіншілік жемшөп өндірісін дамытудың негізгі элементіне айналмақ. Ауданның ауылшаруашылық құрамалары өз қаражаты есебінен Қаныш Сәтпаев атындағы канал бойында 1500 гектар аумақты алып жатқан суарылатын жерді сауықтыруда. 2020 жылға дейінгі жоспарда – тағы да 4 мың гектардан астам суарылатын жерді игеру. Жемшөп өндіруді бұдан әрі дамыту үшін аудан шаруашылықтары ең соңғы жоғары өнімділікті техника сатып алуда.

Соңғы екі жылда ғана 234 млн теңгеге 50 бірлік азық даярлау техникасы сатылып алынған. Олардың арасында «Крона» таңбалы шөп шабатын машиналар, «Магдон» өз бетінше жүретін орақтар, «Джон Дир», «Крона», «КУН» таңбалы тырмауыштар және басқа да техника бар. 

Семинарға қатысқан қаржы институттары өкілдері ШОБ дамыту жөніндегі бағдарламалар мен АӨК жобаларын қаржыландырудың нақты мүмкіндіктері жайлы егжей-тегжейлі әңгімеледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер