astana-view

Алматыда актуарлік мектеп ашылмақ

2015 жылғы 02 Қыркүйек
15710 просмотров

16-18 қыркүйекте Алматы қаласында  «Төлем қабілеттілігі 2» халықаралық стандартына көшу тәжірбиесі» атты тақырыпта Қазақстандағы төртінші актуарлік мектептің дәрістері өтеді.  Бұл мектеп кімдерге арналған және оның оқыту тақырыптары қандай болатындығы туралы «Қазақстан актуарлер Қоғамы» Қоғамдық ұйым басқарамасының төрағасы Ақжарқын Кныкова әңгімеледі.

-  Ақжарқын Өтеуқызы, актуарлік мектеп дегеніміз не және ол кімдерге арналған?

-  Актаурдің жұмысы қоғам пайдасы үшін тәуекел мен тұрлаусыздықты анықтау, ашу және басқару болып табылады. Қазақстанда актуарлік мамандығы  2001 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «Сақтандыру қызметі туралы» Заңмен бекітілген. Халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа  сақтандыру нарығын ұйымдастыру принципі, қаржылық есеп және есептеу стандарты енгізілді. Аталған заңға сәйкес әрбір сақтандыру компаниясында актуар маманы болу қажет. ҚР Ұлттық банкісінң лицензиясы бар, Қазақстанда актуарлер үшін шағын бағдарламадан өткен жеке тұлғалар ғана актуар бола алады.Бұл шағын бағдарлама  Ұлттық банкпен бекітілген және 6 курстан тұрады.

Жаңа мамандықты енгізумен қатар, адамдарды оқыту қажеттілігі туындағаны түсінікті. 2000 жылы  халықаралық даму бойынша Ұлттық банк пен Американдық агенттік жобасы аясында осы шағын бағдарлама дайындалып, актуарлерді оқыту жүргізілген болатын. Бірінші актаурлер 2000 жылы кәсіби одақ- «Қазақстандағы актуарлер қоғамын» құрды. Бұл одақ 2001 жылдан бастап жұмыс істейді, сонымен  қатар Халықаралық актуарлік ұйымның және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Біз өзіміздің жұмысымызда АҚШ актуарлер қоғамы стандарттарына сүйенеміз.  

Зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылық және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін актуарлік қызметті дамыту біздің қоғамның негізгі міндеті болып табылады.

Актаурлік қызмет ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстанда кеңінен дамығанын атап кету керек. Мысалға, Ресейде актуарлік қызмет туралы заң былтырғы жылы ғана қабылданды, ал алғашқы актуарлік есептеулер оларды биыл ғана пайда болды. Сондықтан да бұл салада біз бұрынғы кеңес одағы құрамында болған елдердің ішінде алдыңғылардың бірі болып саналамыз. Актуарлердің халықаралық ұйымы және Халықаралық даму бойынша Американдық агенттік Қазақстанның Еуропамен, АҚШ және ТМД елдерімен арадағы байланыстырушы көпір болуын қалады.

Біз 2004 жылдан бастап  актуарлер үшін оқыту курстарын өткізіп және олардың кәсіби қызметін жетілдірумен айналысудамыз. Актуарлік мектептер 2008 жылдан бастап үнемі жүргізіліп келеді. Бұл  өтіп жатқан төртінші мектеп болады.

Біз оқуға тек актуарлерді ғана емес, сонымен қатар сақтандыру нарығында, қайта сақтандыру ұйымдарында, зейнетақы қорларында жұмыс істейтін  мамандарды шақырамыз. Негізінен банк секторы үшін “Базел-2» ұқсастығы бойынша төлем қабілеттілігі сұрақтары қарастырылады. Төлем қабілеттілігі үшін тек актуарлер жауап бермейді, сонымен қоса менеджерлер, қайта сақтандырушылар, бірінші жетекшілер, қаржыгерлер де бар. Сол себепті біз өзіміздің актуарлік мектебімізге Қазақстанның сақтандыру нарығындағы барлық мамандарды шақырамыз. Сонымен бірге әр түрлі тақырыптар қарастырылады және әркім өзіне қажет білімді ала алады.

-  Ұсынылатын тақырыптарға нақтырақ тоқтай  аласыз ба?

-  Ия, әрине. Жоғарыда айтқанымдай, «Төлем қабілеттілігі 2» стандартына көшу және осымен байланысты қайта сақтандыру, компаниялар үшін жалпы сақтандыру бойынша сұрақтар қыркүйекте болатын мектептің негізгі тақырыбы болады. Онда әлеуметтік қамтамасыз ету сызбасы, сақтандыру компаниялары үшін инвестициялар, жұмыс берушінің жауапкершілігін қаржылық және дизайндық сақтандыру, өмірін сақтандыру бойынша бизнес құнын бағалау, инвестиция жасайтын сақтандыру және т.б сұрақтар  қарастырылатын болады. 

Мектепте дәріс оқу үшін Еуропаның, оның ішінде , бұл салада бізге қарағанда үлкен тәжірбиесі бар Канаданың сақтандыру нарығындағы мамандар мен актуарлерді шақырамыз. Қазақстан да өзінің жаңа бағдарламасын енгізуге тырысуда, сондықтан біздің мамандардың жаңа бағдарлама бойынша оқығанын қалаймыз.

-  Еліміздегі соңғы экономикалық жағдайға байланысты аталған мектептегі оқыту қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?

-  Өте маңызды. Сақтандыру компанияларының төлем қабілеттілігі және олардың инвестициялық стратегиясы өте маңызды. Қазіргі девальвация бізідң компанияның активтеріне және оның төлем қабілетіне қатты әсерін тигізбес үшін,  портфельдің әртараптануын жүргізу үшін ақшаны қалай орналастыру керек? Девальвация , әрине, қаржылық секторда келеңсіз көрініс береді, алайда қаншалықты келеңсіз?

Егер бүгінгі күні девальвация 30% және одан жоғары болса, онда сақтандыру компанияларының да төлем қабілеттілігі 30-40%-ға төмендейді. Бұл сақтандыру нарығы үшін қиын болады және компаниялар толық көлемде төлем жасай алмайды. Мектептің бағдарламасында тура осыған  арналған портфельді қалай әртараптандыру керек, ақшаның қай бөлігін доллармен, қай бөлігін теңгемен ұстау керек және өз активтерін сақтап қалу  және т.б. тақырыптар бар. Сонымен қоса, өз міндеттерің бойынша әрдайым жауап беруге, өзіңнің қауіпсіздігің үшін қосымша капиталды қалай жасау керектігі туралы айтылады.

-  Сіздердің мектептеріңізде оқу кәсіпкерлер үшін қаншалықты қызығушылық тудырады?

- «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы да қазір жұмыс берушілердің жұмыскерлер алдындағы жауапкершілігін сақтандыру, тарифтер, сыйақылар, міндетті зейнетақы аударымдары сұрағы бойынша жұмыс істеуде. Ол үшін де актуарлер жауап береді. Мектепте,  сонымен қатар кәсіпорныдағы тәуекелді басқару бойынша сұрақтар қарастырылады. Бұл көптеген кәсіпкерлер үшін маңызды мәселе. Мысалы, сақтандыру компаниялары кәсіпорындарға сақтандыру жасаған кезде  кәсіпкер өзінің тәуекелдерін қалай басқаратынын олар түсінуі керек. Егер ол өз тәуекелін жақсы басқаратын болса, онда одан сыйақыны аз алатын болады, егер нашар басқаратын болса, сәйкесінше көбірек сыйақы алынады. Кәсіпкерлерге өнеркәсіптерін жақсы дамыту үшін бұл тақырыпты түсіну  қызығушылық тудырады. .  

Сақтандыру нарығы тікелей кәсіпкерге тәуелді. Егер кәсіпкерлер болмасы, онда ешқандай сақтандыру да болмайды, ал егер сақтандыру болмаса, онда ешқандай актуарлік есептеуде болмайды. Кәсіпкерлердің де өз жұмыскерлерін жазатайым жағдайлардан  сақтандыру және т.б. сол сияқты сұрақтары бар. Бұл тұрлаусыздықты қарастыру керек және оны айту қажет. Тура осы жағдайда мектептің көп көмегі бар.

-   Мектепте орын саны шектеулі  ма?

-  Төртінші актуарлік мектеп Азия даму банкісінің қаржылық қолдауымен Ұлттық банкпен бірлесіп өткізіледі. Банк дәріс оқушылардың және шетелдік қатысушылардың –барлығы 10 адамның келуін қамтамасыз етеді. Бұлар АБР –ге мүше ұйымдардың – яғни, Армения, Қырғызстан, Грузия, Түркісменстанның мамандары. Олар тегін қатысады. Ал қазақстандық қатысушылар үшін мектептегі оқуға қатысу ақылы, 3 күнге 100 мың теңге. Егер олар тек бір күн ғана оқитын болса, онда 40 мың теңге.

Оқу Алматыда, «Алматы» қонақүйінде өтеді, бізідң барлық спикерлер және қатысушылар да сол жерде тұрады. Барлық қатысушыларға ағылшын тілінде жазылған, орыс тіліне аудармасы бар үлестірмелі материалдар таратылады, дәрістер де ағылшын тілінде оқылып, орыс тіліне аударылады. Дәрістер қоса практикалық сабақтар да болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер