astana-view

Жаңа жағдайда жасалатын жұмыс

2015 жылғы 02 Қыркүйек
9521 просмотров

Дүниежүзілік сауда ұйымы отандық машина жасау саласына ыңғайлы бола ма?

«Жаңа қауіптер және жаңа мүмкіндіктер» - 2015 жылғы 1-2 қазанда Астанада өтетін Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ Форумының тақырыбы осындай.

«Форумда ҚР Премьер-министрінің қатысуымен ЕАЭО және ДСҰ жағдайындағы машина жасау алдында тұрған жаңа ақиқат пен сынақтар, өзара саудадағы теңбе-теңдік мәселелері талқыланады», - дейді Қазақстанның Машина жасаушылар одағының атқарушы директоры Темірлан Алтаев.

Оның айтуынша, машина жасаушылар Үкімет алдына жағымды іскерлік климат, ДСҰ ережелерін ескере отырып отандық өндіруші үшін қолайлы жағдай режимін жасау туралы мәселені қоюға тиіс.

«Біз сонымен қатар жобалау құжаттамасында қазақстандық мазмұндағы тауарлар, жүмыстар мен қызметтер көзделуі, ал шектелу үлесі кем дегенде 60 пайыз құрауы жайлы мәселені көтеруді жоспарлап отырмыз. Қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талқылауымыз қажет», - деп жалғады сөзін ҚР Машина жасаушылар одағының басшысы.

Машина жасаудағы ШОБ дамуы (құрамдастарды өндіру саласында), сатып алулардағы қазақстандық мазмұнды көтеру жайлы да сөз болмақ. Форумның күн тәртібінде машина жасаудағы икемді әрі теңгерімді еңбек нарығы, біліктілікті бағалаудың жаңа жүйесі, жаңа кәсіби стандарттар, жалған сертификаттар айналымы сияқты тақырыптар да бар.

Форумға мыңнан астам адам қатысады деп болжануда. Олардың арасында қазақстандық машина жасаушылар да, шетелдік компаниялар мен қауымдастықтар басшылары да бар.

Инвесторлар форум аясында қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықтың толғақты түйткілдері мен келешегін талқыға сала алады. Ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. Форум қорытындысы бойынша отандық үздік машина жасау кәсіпорындарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Форум дәстүр бойынша Астанадағы «Хилтон» қонақүйінде, ал алқалық отырыс «Қазақстан темір жолы» ғимаратында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер