astana-view

Ортақ қорытындыға келу

2015 жылғы 03 Қыркүйек
9092 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге ЕАЭО елдерімен саудада туындаған кедергілер туралы ақпарат беруді сұрап жүгінеді

Ресейліктердің ЕАЭО бойынша серіктес елдеріне «санкциялық» тауарды әкелуге тыйымды өрістетуге талпынысы белорустық-қазақстандық-ресейлік бизнес-қоғамдастық пен Еуразиялық экономикалық комиссияның Әрекеттестік жөніндегі консультативтік кеңес жанындағы интеграцияның негізгі бағыттары бойынша жұмыс тобының отырысында ерекше талқыланған мәселе болды.

Жұмыс тобы отырысының күн тәртібіне ЕАЭО аясындағы бизнес-қоғамдастықтар қызметі үшін маңызға ие жеті мәселе енгізілді:

- Армения аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттер аумағына тауарларды экспорттау кезінде (ет өнімі мен малдан алынатын тауарлар; бағалы жүктерді тасымалдаудағы түйткілдер) Армения Республикасының кәсіпкерлік қызмет субъектілерінде туындайтын кедергілерді жою жөніндегі жұмыс барысы туралы;

- Белорусь Республикасы мен Ресей Федерациясында кәдеге жарату алымын төлеу қажеттігіне байланысты туындайтын кедергілерді жою;

- Ресей ауылшаруашылық қадағалаудың Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасынан және өзге мемлекеттерден келе жатқан «санкциялық» тауарлардың ЕАЭО сыртқы кедендік шекарасының ресейлік телімі арқылы міндетті әкеліну шартын орнатуы туралы;

- ЕАЭО мүше мемлекеттер резидент тұлғалары пайдаланатын әуе кемелеріне Ресей Федерациясы аумағында техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге салық салу туралы;

- Қазақстан Республикасының өз аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттері көмір әкеткенде ренталық салық алуы туралы;

- ЕАЭО аясында алкоголь нарығындағы кедергілер туралы;

- ЕАЭО ортақ салық кеңістігін қалыптастыру алғышарттары және ықтимал бағыттары.

Армяндық тарап өкілдері жеткізген түйткілдің, ЕАЭО аясындағы ветеринарлық-санитарлық шараларды қолдану мәселелерін қозғайтын боландықтан, аса қызу пікірталас тудырғанын атап өту керек. Бүгінгі таңда санитарлық ветеринарлық-санитарлық шараларды қолданудың жалпы қағидаттары ЕАЭО туралы Шарттың ХІ Бөлімімен және ЕАЭО туралы Шарттың №12 «Санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдану туралы хаттама» Қосымшасымен реттеледі.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылғы 9 қазандағы №94 Шешімі бар. Онда «Ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) тиесілі тауарлар (өнімдер) сынымасын іріктеу және нысандарында бірлесе тексеріс жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы ереже» бекітілген.

Отырыс барысында Ресей ауылшаруашылық қадағалау өкілдері Кеден одағы кәсіпорындары тізіліміне (бір мүше мемлекеттің аумағынан келесі мүше мемлекет аумағына апарылатын бақылаудағы тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалар тізілімі) енгізілген, бірақ өз өнімін Ресей Федерациясының аумағына әкелу мүмкіндігі жоқ Армения Республикасы кәсіпорындарына қатысты өз әрекетіне заңнамалы негіз бойынша нақты дәлелдеме ұсына алмады.

Армения Республикасының ғана емес, басқа да мүше-мемлекеттердегі кәсіпкерлер қызметі үшін мәселенің маңыздылығын ескере отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕЭК Әрекеттестік жөніндегі консультативтік кеңесі мен белорустық-қазақстандық-ресейлік бизнес-қоғамдастықтың келесі отырысында аталмыш Ереже нормаларын талқылауды бастамалады. Бұл ұсынысты Жұмыс тобының басшысы, интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Татьяна Валова қолдау көрсетті.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бірқатар реттелмеген нормалардан тұратындықтан, Ережені түзету қажет деп есептейді. Ресей Федерациясының норвег балығына қатысты әкелуге тыйым енгізуімен байланысты соңғы оқиғалар мұны айқын растайды!  

Белорустық тарап ЕАЭО тауарлары болып табылатын автокөлік құралдарын қайталама өткізу кезіндегі кәдеге жарату төлемдерін қайтадан төлеу жайлы мәселені көтерді. Отырыс барысында түйткілді Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық аясында қарау туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге кәдеге жарату алымын енгізу мәселесінің Қазақстанда да қаралып жатқанын, және де болашақта Ресей немесе Белорусьта автокөлік құралдарын қайталама өткізу кезінде осындай жағдайлар туындауын ескеру қажеттігін түсіну керк.  

Бірақ отырыстағы ең көп талқыланған мәселе Қазақстанға Белорусь Республикасы арқылы әкелінетін «санкциялық» тауарлар жөніндегі мәселе болды. Ұлттық палата сәл бұрын Ресей Федерациясының «санкциялық» саясатымен келіспейтіні туралы ақпарат жариялаған болатын. Отырысқа қатысушылар ЕАЭО нормаларына сәйкес, бір жақты тәртіпте ЕАЭО мүшелері енгізе алатын әкімшілік шаралар механизмдерінің жоқтығына келісті.

Ерекше өткір мәселе: ЕАЭО мүше мемлекет шектеу шараларын енгізу кезінде ЕАЭО басқа мүше мемлекеттеріне бара жатқан тауарлардың өз аумағы арқылы транзитін жабуға құқылы ма? Сондай-ақ, Ресей ауылшаруашылық қадағалаудың Белорусь Республикасының өткізу бекеттері арқылы «санкциялық» тауарлардың транзитіне қандай заңды негізде тыйым салғаны түсініксіз.    

Қазірде Ресей Федерациясының «санкциялық» саясаты бизнестің дамуына кедергі келтіріп, ЕАЭО мүше мемлекеттерінің экономикасына едәуір әсерін тигізуде. Осы нақты жағдайда сөз, ең алдымен, Белорусь Республикасы мен «санкциялық» тауарлар тізбесіндегі жүкті транзитпен Қазақстанға тасымалдау кезінде әр кез сайын жаңа шыққан шарттарға икемделуге мәжбүр болып жүрген Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері жайлы болып отыр. Жұмыс тобының басшысы Татьяна Валовая мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің жақын арада өтетін отырысына шығаруды ұсынды.

Ұлттық палата отырыс барысында қатысушыларға істің мұндай жағдайы тасымалдаушыларға ғана емес, жүкті алушыларға да, және де ақтық тұтынушыларға да әсер етіп жатқанын жткізді. ЕАЭО аумағын шарлап келетін жүктер ақтық тұтынушы үшін қымбаттайды.

Ұлттық палата осы себептерге байланысты, кәсіпкерліктің мүддесін қорғау мақсатында, отандық компаниялардың Белорусь Республикасы мен Ресей Федерациясы аумағы бойынша транзитті шектеу деректерін ұсынуды сұрап жүгінеді. Бұл аталмыш мәселені ЕАЭО жоғарғы деңгейінде талқылау үшін дәлелді ұстаным даярлауға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар Қазақстанның алкоголь өнімдерін адал ниетпен өндірушілер және сатушылар қауымдастығы қойған Қазақстанда жасалған алкоголь өнімдерінің ЕАЭО мүше мемлекеттері нарығына қолжетімділігі жайлы сұрақ талқыланды.

Қазірде отанымызда өндірілетін алкоголь өнімінің Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасына өтуі үшін ұлттық заңнама деңгейінде бірқатар кедергілер болып отыр. Алкоголь өнімі нарығына қолжетімділіктің ЕАЭО аясындағы алу болып табылатынын ескере отырып, сондай-ақ осы мәселені шешу үшін, Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мүше мемлекеттері сарапшыларымен бірге «ЕАЭО аясында алкоголь нарығын реттеу туралы келісім» және «ЕАЭО мүше мемлекеттерінің алкоголь өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісім» жасалуда.

Отырысқа қатысушылар жұмыс тобы мен консультативтік кеңестің кәсіпкерлердің ЕАЭО аясында өз қызметтерін жүзеге асыруы кезінде туындайтын түйткілдерін шешудегі тиімді құрал болып табылатынын атап өтті. Жұмыс тобының отырыстары жылына кем дегенде екі рет және тараптардың бірінің бастамасымен өткізілетіні белгілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер