astana-view

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы көмекке келеді!

2015 жылғы 03 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
14406 просмотров

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары белсенділіктерін арттыруда

Маңғыстау облысы КҚО консультанттары жыл басынан бері 1800 клиентке 3000 қызмет көрсеткен, оның ішінде шамамен 1500 – жеке тұлғалар және кәсіпкерлік бастамасы бар халық. Жүгінгендердің қалған бөлігі – бұл шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен түрлі компаниялар.

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлжан Қаламқалидың айтуынша, облыстағы барлық аудан орталықтарында және Жаңаөзен қаласында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары қызмет етеді. Мұнда консультанттар кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа бизнесті қолдаудың «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Агробизнес-2020», «Экспортшы-2020», «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпарат беру қызметтерін көрсетеді.

Орталыққа келушілерге сонымен қатар бизнесті ашу, жабу және жүргізу мәселелері бойынша да консультациялар беріледі. Түрлі қаржы институттарының жұмыс шарттары түсіндіріледі, құжаттарды ресімдеу процесінде көмек көрсетіледі. Сонымен қатар жобалар сүйемелденеді: КҚО қызметкерлері мемлекеттік бизнесті қолдау бағдарламаларына қатысу үшін қажет құжаттарды жинауға тәжірибелік көмек көрсетеді.

«КҚО қызметкерлерінің қолдауымен 40 кәсіпкердің жобасы бизнесті мемлекеттік қолдаудың әртүрлі түріне мақұлдау алды», - дейді Гүлжан Мұхитқызы.

Әрбір ауданда КҚО «Бизнес-кеңесші» және «Бизнес-Өсім» жобалары бойынша оқыту семинарларына қатысуға өтінім жинауды жүзеге асырады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер