astana-view

Медицина орталықтарына жол ашық

2015 жылғы 04 Қыркүйек
9723 просмотров

Санитарлық ережелерге «Атамекен» ҰКП бастамалаған өзгертулердің енгізілуі медицинадағы бизнестің дамуына көмектеседі

Үстіміздегі жылдың 27 тамызында өткен ҚР ҰКП Фармацевтика, медицина өнеркәсібі және медицина қызметтері комитетінің отырысында Жеке меншік медицина құрылымдары қауымдастығының Президенті Гүлнара Өтепова Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының денсаулық сақтау саласындағы шағын және орта бизнес түйткілдерін шешудегі үлкен еңбегі мен қолдауын атап өтті.

Қауымдастық ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Денсаулық сақтау нысандарына және ұйымдарына және дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізудің санитарлық қағидаларының» талаптарына қатысты мәселелерді шешуде жәрдем көрсетуді сұрап жүгінді.

Мәселенің мәнісі Санитарлық қағидалардың біршама қатаң талаптардан тұратынында еді. Тұрғын үй, қоғамдық ғимараттарда, жапсарлас жайларда медициналық орталықтарды ашудың мүмкін еместігі, кейбір кабинеттердегі нормативпен белгіленген артық аудан – осының барлығы әрекет жасаушы шағын медицина орталықтарының жұмысына кедергі келтіріп, жаңа медицина кабинеттерін ашуға бөгет жасады.

Санитарлық қағидаларда қойылған талаптар көбінесе көп салалы болып табылатын ірі медицина ұйымдарының дамуына көмектесті. Денсаулық сақтаудағы жеке меншік сектордың ерекшелігі олардың тар бағыттылығы мен жеке қаражаты есебінен консультативтік қызметтер көрсету болып табылады. Ақырында халыққа медициналық қызмет көрсетуге маманданған кәсіпкер кабинет немесе шағын медициналық орталық аша алмайды.

Қауымдастық пен «Атамекен» Ұлттық палатасының ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитетімен консультациялар және келіссөздер жүргізуінің нәтижесінде, Санитарлық қағидаларға түзетулер енгізіліп, бекітілді. Ендігі жерде бір ауысымда 150 келуден артық қабылдау (сонымен бірге күндізгі стационарлар) жүргізбейтін амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар мен медициналық кабинеттер, сонымен қатар амбулаториялық хирургия орталықтары тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарла, жапсарлас салынған және оған кіріктірілген үй-жайларда орналасуына болады.

Халық денсаулығына залал келтірместен әрі дезинфекциялық режимді бұзбай, кәсіпкерге түсетін қаржылай жүктемені төмендету мақсатында, Санитарлық қағидаларда медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу сапасын бактериологиялық бақылау кезеңділігі аптасына 1 реттен тоқсанына 1 ретке дейін қысқартылды. Ауа ортасына бактериологиялық бақылау тоқсанына 1 реттен жарты жылдықта 1 ретке дейін қысқартылды.

Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген түзетулер шағын және орта бизнестің қолайлы түрде дамуына, халыққа қажетті шағын медициналық орталықтардың, кабинеттердің ашылуына, және де медициналық қызмет көрсетуші кәсіпкерге қаржылай жүктеменің азаюына септесетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер