astana-view

Басымдылық: отандық өндіруші мүддесі

2015 жылғы 04 Қыркүйек
9075 просмотров

Қазақстан мен Ресей бірыңғай валюта енгізуге ниетті емес. Ақпараттың орынсыз берілуі пікірталас тудырып отыр

Осыған орай еске түсетін Интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашхабад қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары қол қойған болатын. Қазақстан оны 2015 жылғы 15 сәуірде ратификациялады. РФ Мемлекеттік думасына ратификациялау туралы заң жобасы үстіміздегі жылдың 28 тамызында енгізілді. Осыдан соң БАҚ-та Ресей президенті Владимир Путин «ТМД-да доллардан бас тартуды ұсынады» деген атаулармен жарияланымдар пайда болды.

Шын мәнісінде құжатта бірыңғай, ұлттықтың үстіндегі валютаға көшу туралы ереже жоқ.

РФ президентінің ресми сайтында жарияланған ресейлік заң жобасына түсіндірме жазбада жоғарыда аталған Келісімнің ТМД қатысушы мемлекеттердің ТМД басшыларының 2009 жылғы 20 қарашадағы Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен бекітілген 2009-2010 жылдарға арналған әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс зардаптарын жою жөніндегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен іс-шараларын жүзеге асыру Жоспарының 1 тармағын орындау үшін даярланғаны анық айтылған.

«ТМД қатысушы елдердің интеграциялық ынтымақтастығы дамуының қазіргі жағдайында Достастыққа қатысушы мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік беретін ортақ қаржы нарығының қалыптасуы принципті түрде маңызды болып табылады», - делінген РФ басшысы сайтында.

Сонымен қатар, Келісімде тараптардың резидент банктерінің ұлттық коммерциялық банктерге ұсынылғанмен бірдей қолайлы жағдайда банк аралық конверсиялық операцияларды жүргізуі үшін бір-бірінің ішкі валюта нарықтарына тікелей қолжетімділігі көзделетіні аталған. Бұл сыртқы сауда саласындағы төлемдерді жүзеге асыру кезінде ұлттық валюталарды қолдануды және қаржы қызметтерін ұсынуды кеңейтуге сеп болады және осылайша ұлттық валюталар нарығының өтімділігін көтеруге алғышарт жасайды.

Нәтижесінде ұлттық валюталардың барынша дамуына жағдай жасалады, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімдік стратегиясын жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер беруге, сонымен қатар өңірдегі ортақ макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталған келісілген валюта саясатын жүргізу үшін алғышарт туындайды.

Келісімнің 2 бабында ішкі валюта нарығында банк аралық конверсиялық операцияларды жүргізу кезінде Келісімнің өз заңнамасына сәйкес валюта операцияларын жүзеге асыруға құқылы басқа тараптарының резидент банктеріне Келісімнің бір тарапының аумағында ұлттық режимді ұсынуға қатысты Ресей Федерациясының заңнамасында көзделгеннен өзгеше ереже жазылған.

Сонымен бірге «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Федералдық заңның 4 бабы 2 бөлімінде Ресей Федерациясының халықаралық келіссөздері тікелей валюталық реттеу және валюталық бақылау жөніндегі қатынастарға қолданылатыны көзделген.

Түсіндірме жазбада сонымен қатар «Ресей Федерациясының халықаралық шартында аталмыш Федералдық заңда көзделгеннен өзге ереже орнатылған болса, онда осы халықаралық шарт ережесі қолданылатыны» баса көрсетілген.

«Тәуелсіз Елдер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» федералдық заң жобасы Еуразялық экономикалық одақ туралы Шарт ережелеріне, сонымен қатар Ресей Федерациясының басқа да халықаралық шарттарының ережелеріне сәйкес келеді.

Шарт талаптарына сәйкес, қазірде «Валюта қатынастарын реттеуге келісілген тұрғыдан келу және ырықтандыру шараларын қолдану туралы» Халықаралық шарт жазалып жатқанын айта кету керек. Аталмыш құжатты ЕАЭО елдері Үкімет Басшыларының деңгейінде бекіту жоспарланып отыр. Сараптау жұмысы жалғасуда. Осыған орай, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық тараптың ұстанымын анықтау мақсатында аталмыш құжат жобасын мүдделі тараптармен (қауымдастықтармен, екінші деңгейлі банктермен, ҚР Ұлттық банкімен, Еуразиялық экономикалық комиссиямен) талқылау қажет деп есептейді.

Аталмыш мәселедегі ҚР ҰКП принципті ұстанымы отандық өндірушілер үшін экономикалық пайда критерийі болып табылады. Бұл ұстаным 2014-2020 жылдарға арналған ҚР Сыртқы саясат тұжырымдамасынан көрініс тапты. Тұжырымдамада интеграциялық процесс аясында саяси суверенитеттің мызғымастығы, кезеңділік, прагматизм және өзара пайда, барлық интеграция органдарындағы тараптардың тең ұсынылуы және интеграцилық әрекеттестіктің барлық деңгейлеріндегі консенсус сияқты негіз түзуші қағидаттарды сақтау керектігі айқындалған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер