astana-view

Отандық мұнай өндірушілерді қорғау жолында

2015 жылғы 05 Қыркүйек
9429 просмотров

Мемлекет АИ-92 және АИ-93 таңбалы бензинді бөлшек сату бағасын реттемейтін болды

Бұл туралы шешім ҚР Энергетика министрлігінде қабылданды. АИ-92 және АИ-93 таңбалы бензин мемлекеттік баға реттеу таралатын мұнай өнімдері тізбесінен алынып тасталды. Нарық сарапшыларының айтуынша, валютаның жаңа бағамына көшу нарықтық қайшылықты тудырды: доллар бағамының жоғарылығы және рубль мен теңгеге шаққандағы құнды таңу мүмкіндігінің жоқтығы танымал таңбадағы бензиннің қымбаттауына алып келді.

Сонымен қатар, Қазақстандағы бензиннің құны біршама төмен болуы салдарынан жанармай бағасы біршама жоғары көршілес елдер трейдерлерінің белсену ықтималдығы жоғары.

Қазақстанның ішкі нарығында жанармай тапшылығы тәуекелінің туындауына байланысты, республиканың еркін теңге бағамына көшуі кезінде Қазақстанға бензин импорттау тоқтатылды деуге де болады (жеткізудің тиімсіздігі себебінен), осындай қажет шешім қабылданды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті сарапшылары берген деректер бойынша, елдегі бензин қажеттілігінің 30%-ы (1 млн. тонна – 2014 жылғы дерек бойынша) импорт есебінен жабылады және доллармен төленеді. Мұндай жағдай 2016 жылға дейін, Қазақстанның мұнайды қайта өңдеу зауыттарын модернизациялауды аяқтағанға дейін сақталуы мүмкін.

Бірақ отандық МҚЗ жаңартылған қуаттылықтарын пайдалануға енгізу шамасына қарай мұнайды қайта өңдеу көлемі жылына 14,3 млн тоннадан жылына 18,5 млн тоннаға дейін ұлғаюы күтілуде (өсім 29% құрайды). Автомобиль бензиндерін өндіру екі еседен артық ұлғаяды деп болжанып отыр, дизельдік отын – бір жарым есе дерлік, авиаотын – бүгінгі өндіру көлемінің деңгейінен екі есе артық (жылына 957 мың тоннаға дейін).

Аи-92 және АИ-93 бензиндерін мемлекеттік реттеудің күші жойылғаннан кейін нарықтық бағаның баға индикаторы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бағалары болады. Бұл компания «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ жүз пайыздық еншілесі болып табылады. Оның желісі «ҚазМұнайГаз» сауда таңбасымен қызмет жасайтын 325 авто құю бекетін қамтиды.

Басқа компаниялардың авто құю бекеттерінде баға көтерілуіне жол бермеу мақсатында қазір ҚР Парламенті Мәжілісінде «Мұнай өнімдерінің айналымы туралы» ҚР Заңына түзетулер қаралуда. Өзгертулер пакеті франчайзинг схемалары бойынша тапсырма шарты (комиссияның) негізінде екі тұлғаның бір АҚБ-дан мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігін көздейді.

Аи-92 таңбалы бензинді мемлекеттік реттеудің күші жойылуы сату көлемін, жұмыс орындарын және т.б. айрылып қалмай, бензиннің нарықтағы өз жайғасымын ұстап тұруына мүмкіндік береді деп күтілуде.

Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті мен бірқатар салалық қауымдастықтар сарапшылары берген баға бойынша, мемлекеттік реттеуден бас тарту мұнай өнімдерін үздіксіз жеткізуге, соның ішінде шалғай өңірлерге жеткізуге оң әсерін тигізеді, отын сапасының артуына көмектеседі, халықтың жұмысбастылығының ұлғаюына жағдай жасайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер