astana-view

Алматы әкімдігі бизнес үшін рұқсат алу процедурасын жеңілдетеді

2015 жылғы 07 Қыркүйек
8257 просмотров

2015 жылғы 4 қыркүйекте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбекпен кездесу өткізді.  

Оңтүстік мегаполисте бизнесті дамытумен байланысты мәселелер талқыланды.

Тараптар әңгіме барысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері төңірегінде ай сайын тұрақты сұхбат ұйымдастырып тұруға келісті. Осы мақсатта Алматы әкімінің жанындағы Іскерлік кеңес пен Алматы Палатасы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі қызметінің форматын өзгерту жоспарланып отыр. Сонымен бірге, әкімдік өз жұмысында рұқсат ету және әкімшілік процедураларды барынша жеңілдетуге назар аударады (бірінші кезекте, жер қатынастары, құрылыс және техникалық шарттар алу саласында).

ҰКП және Алматы әкімдігі оңтүстік астанадағы жайма базарымен арадағы жағдайға талдау жасап, оларды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) қағидаттарында қызмет жасайтын Өңірлік сауда-логистикалық орталық негізінде құру мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қолданылмайтын ірі өндірістік алаңдары базасында индустриялық аймақтар құру тақырыбы талқыланды.

«Атамекен» ҰКП мен Алматы облысы әкімдігінің Алматы қаласын жабдықтау үшін азық-түлік кластерін ұйымдастыру жөніндегі бірлескен жобасын жүзеге асыру келешегі де талқыға түсті.

Келіссөз барысында қаланың әрбір ауданында «бір терезе» қағидатымен қызмет жасайтын кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын құру туралы келісуге қол жеткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер