astana-view

Қоғамдық тыңдаулар

2015 жылғы 14 Қыркүйек
9606 просмотров

«Атамекен» Ұлттық палатасында шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты салық саясаты мәселелері бойынша алғаш рет қоғамдық тыңдаулар өтеді

Үкіметтің салық салу және салықтық әкімшілік етудегі жоспарланған өзгертулері мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарсы ұсыныстарын талқылау жоспарлануда. Кедендік әкімшілік ету мәселелері мен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырудағы тәуекелдер жеке талқыланады.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының үкіметтік нұсқасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізіліп қойды және бірқатар әртүрлі нормалардан тұрады.

Атап айтқанда, 2017 жылдан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті қоюды бір уақытта жоюмен ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті қоюдың шекті мәнін өзгерту болжануда (әрекеттегі 30 000 АЕК шектен 3 234 АЕК дейін).

ҰКП сарапшыларының ойынша, ҚР аумағында импортталатын және жүргізілетін тауарларға жөнелтпе құжатты ресімдеу бойынша жаңа талап енгізу, сондай-ақ шот-фактураларды электронды түрде міндетті ресімдеу нормалары да біршама даулы болып табылады.

Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап әрекеттегі салық салу режимдерін «оңтайландыруды» іске асыру жоспарлануда. Мысалы, шаруа (фермерлік) қожалықтар, ауылшаруашылық өнімдер өндірушілер мен ауылдық тұтынушылық кооперативтерге арналған жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимдерін қысқарту.

Заң жобасында жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіруге салықты (ПҚӨС) есептеу әдіснамасын көтеру жағына қайта қарау ұсынылуда. Бұл, ҰКП пікірінше, салық жүктемесінің өсуіне және отандық сусын өндірушілер өнімі құнының қымбаттауына алып келеді.

Салық заңнамасын сонымен қатар сатуға салықты, бөлшек сауда мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін бөлшек салықты енгізу, сондай-ақ жеке табыс салығы мөлшерлемесін ұлғайту жағынан өзгерту ұсынылып отыр.

Ұлтты палата ойынша, аталмыш шараларды енгізу нәтижесінде мемлекеттік реттеу мен бақылау күшейтіледі. Бірақ кәсіпкерлердің шығындары мен операциялық шығыстары да өсе түседі. Бизнесмендер бүгінгі күннің өзінде салмақты түйткілдерге ұшырасуда. Ресейден импортталатын алкоголь өнімінің өсуі және Қырғызстаннан келетін алкоголь өнімінің жоспарлы өсуі, сонымен қатар өндірістік қуаттылықтарды мейлінше төмен жүктеу жөніндегі талаптардың орнатылуы отандық этил спирті мен арақ өнімдерін өндірушілер үшін сыни жағдай тудырады. Аналитиктер мұның отандық кәсіпоорындар өндірісінің төмендеуіне және олардың ықтимал жабылуына әкелеріне сенімде.

Аталмыш мәселелердің барлығын ҰКП-да барынша ашық әрі жария жағдайда талқылау ұсынылады. Қоғамдық тыңдаулар бейне-конференция режимінде өтіп, оған мемлекеттік органдармен бизнес-қауымдастықтар өкілдері қатысады деп жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер