astana-view

Абылай Мырзахметов: «Бір мезеттік міндеттерді шешеміз деп, жылдар бойы жасалатын инвестициялық климатты құртып аламыз!»

2015 жылғы 15 Қыркүйек
11743 просмотров

Ұлттық палатада бизнесмендер, депутаттар және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен салық саясатының мәселелері талқыланды

Жаңа салықтарды енгізу және салық, кедендік әкімшілік етуді күшейту – бұл еліміздегі жылдар бойы жасақталатын инвестициялық климатты құртатын бір реттік әрекеттер.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов шағын және орта бизнеске қатысты салық саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық тыңдауларда осылай деп мәлімдеді.   

ҰКП басшысының сөзіне сүйенсек, салық органдары көбінесе ел бюджетін толтыру жөніндегі міндетті орындауға тырысып, артық белсенділік танытып жатады. Бірақ салықтар заңсыз түрде үлкен көлемде үстеп есептелетін кәсіпорындарға, соның ішінде шетелдік инвесторларға қатысты олардың әрекеттері заңсыз болып табылады.

«Маңғыстауда кездескен шетелдік инвесторлар, ірі компаниялар иелері мәселе есептеулерде емес, оларды төлеуге дайынбыз дейді. Бірақ қазіргі Қазақстандағы инвестициялық климат... салықшы келеді де: менің жоспарым бар, төлеңдер, әйтпесе шоттарыңды тұтқынға аламын, деп мәлімдейді. Бұл, менің ойымша, біршама қауіпті жағдай. Бір мезеттік міндеттерді орындай отырып, елдегі жылдар бойы жасалған инвестициялық климатты құртып жатырмыз. Осындай әрекеттермен инвесторды кетіріп алып, ол кері қайтып келмеуі мүмкін», - деп түйіндеді Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы сонымен бірге бюджетті толықтыру жөніндегі өз міндеті шешілуі қажет мемлекеттік органдар ұстанымы да түсінікті екенін, олардың жоспарды орындауға тиістігін баса көрсетті.

«Бірақ сіздерге жеткізгіміз келетіні – мәселе эмоцияда емес, мұнда да сауатты адамдар, бизнесмендер бар. Олардың әрқайсысы мемлекет қазынасына өз үлесін қосып жүр. Баса көрсеткіміз келеді: бұл аса салмақты жағдай, және де бұл мәселеде (жаңа салықтарды енгізуде және салықтық әкімшілік етуді күшейтуде – авт.) асығудың қажеті жоқ. Салық жөнінде қандай да бір шешім қабылдамай тұрып, аталмыш мәселені асықпай ойластырып алу керек», - деп қорытты «Атамекен» ҰКП басшысы.

Абылай Мырзахметов сонымен бірге Ұлттық палатаның Парламентке бизнес-қоғамдастықтың салық саясатын негізсіз күшейту мәселесі жөніндегі ашық үндеуін жолдай отырып, бір ғана мақсат – сөздерін тыңдатуды ғана көздейтіндерін баса көрсетті!  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер