astana-view

Салық саясатының күшейтілуі экономиканың кері кетуіне әкеледі

2015 жылғы 18 Қыркүйек
- Ақмола облысы
8783 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлер қауымдастығының Президенті Марат Жұмабеков салық саясатын күшейту бизнес субъектілерінің қазіргі жағдайын ауырлатып жібереді деп мәлімдеді. Оның ойынша, кәсіпкерлер мойнына аса ауыр жүктеме артылады.

«Мемлекет бизнестің қызмет етуі үшін тиісті жағдай жасауы қажет. Ал күшейтілген салық санкциялары жағдайында кәсіпкерлік «көлеңкеге» кетіп қалады, ал «сұрқай» бизнес, біздің білуімізше, нарықтағы жосықсыз бәсекелестікке әкелері сөзсіз. Экономиканы дамытудың орнына оның кері кетуіне келеміз: капиталдың жылыстауы, инвестициялардың төмендеуі, сатып алушылық сұраныстың құлдырауы. Сонымен қатар, салықтың өсуі инфляцияға тікелей әсерін тигізеді, себебі шығынның орнын толтыруға тырысады.

Кәсіпкерліктің ел экономикасында әлеуметтік функцияны да атқаратынын естен шығармауымыз қажет. Көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады, ал олар бүгін жүздеген отандастарымызды жұмыспен қамтып отыр», - деп баса көрсетті Марат Жұмабеков. 

Сейсенбі күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында салық саясатын және салықтық, кедендік әкімшілік етуді негізсіз күшейту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткенін еске саламыз. Бүгінде Ақмола облысының шамамен 1400  кәсіпкері ҰКП ашық үндеуіне қолдау көрсетіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер