astana-view

Алдымен аукцион, сосын жер

2015 жылғы 23 Қыркүйек
10662 просмотров

Қазақстанның Үкіметі жер иегерлері үшін жаңа қағидалар жасақтады

Қазақстан Үкіметі жер иегерлері мен жалгелерінің, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді қоса алғанда, өз мүлкін қолдануына разы емес. Ауылшаруашылық мақсаттағы мемлекеттік жер қоры нарықтық айналымға тартылмай қалып отыр, сонымен қатар барлық жалгерлер бірдей жерді адал ниетпен қолданбайды. Мысалы, жер үшін жалдау ақысының төмендігі салдарынан оларды күтіп-баптауға заманауи технологияларды енгізбейді. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бүгін өткен Мәжілістің алқа отырысында қолданыстағы Жер кодексіне түзетулерді таныстыруын жер қолданушылар атына айтылған осындай жазғырулармен бастады.

Заң жобасындағы жаңалықтар салмағы жөнінен бірінен-бірі өтеді. Сөйтіп, ауылшаруашылық мақсаттағы жерді жеке меншікке беру қағидарын өзгерту ұсынылды. Енді ол үшін бастапқыда ағылшын әдісі бойынша аукциондар өткізілетін болады (кем дегенде екі аукцион). Мұндай әдіспен өткізу мүмкін болмаған жағдайда жер телімі голландиялық әдіспен сатылатын болады. Үкімет сонымен бірге жер телімін оның кадастрлық құнынан 50%-дан кем бағамен сатуға жол берілмеуін ұсынды.

Сонымен қатар азаматтар мен ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаларына шаруа (фермерлік) қожалықты және тауарлы ауылшаруашылық өндіріс жүргізу үшін ауылшаруашылық мақсаттағы жерді жалға беру институты қысқартылады. Сонымен қатар ауылшаруашылық мақсаттағы жерді жеңілдікті бағамен сатудың күшін жою ұсынылды.  

Әрекет етуші жер қолданушыларға келер болсақ, заң жобасы бойынша олардың жалдау мерзімі аяқталғанға дейін жерді пайдалану құқығы сақталып қана қоймайды. Олар жер үлесін құнын төлеп ала алады, жерді уақытша пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін жер үлесін жеке меншігіне 10 жылға бөліп төлеуге оның кадастрлық (бағалау) құнынан 50% мөлшеріндегі жеңілдікті бағамен сатып алу құқығына ие болады.

Ал егер олар жеңілдікті пайдаланбайтын болса, онда сәйкес жер қолдану құқығы тоқтатылып, жер телімі аукционда сатылу үшін мемлекеттік меншікке қайтарылады.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық өндіріс үшін ұсынылған жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыру процедурасын оңтайландыру мақсатында, сонымен қатар иегерінің ұйымдастыру-құқықтық формасын өзгерткен жағдайда, ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты нысандарды салу кезінде телім мәртебесі болуы қажеттілігінің күшін жою ұсынылады. Заң жобасында сонымен қатар, қосалқы жалдауға беруді қоспағанда, ауылшаруашылық мақсаттағы жердегі жерді пайдаланудың құны өтелмеген құқығын жалдау шартының мерзімі шегінде иеліктен шығару және беру бойынша шектеулерді алып тастау айтылады.

Үкіметтік жоба өз үлестерін шаруашылық серіктестіктері немесе өндірістік кооперативтердің жарғылық капиталына берген жер үлестері иелерінің де мүдделерін қозғауға қабілетті. Олар үшін иегерлер жалдау мерзімі аяқталуға бір жыл қалғанда міндетті тәртіпте жалпы жиналыста құнын өтеп алу немесе құнын өтеу құқығынан баса тартатыны туралы мәлімдей алу мүмкіндігі ұсынылған.

Депутаттар заң жобасын бірден екі оқуда мақұлдаса да, заң жобасын дайындаушылар атына сын айтуды да ұмытпады. Сөйтіп, мәжілісмен Владсилав Косарев Ұлттық экономика министрлігінің жосықсыз жалгерлер туралы ақпаратына былайша жауап қатты: «Жерді адамдар емес, жоғары табыс үшін тек жақсы жерлерді қолданып, жамандарын қолданбайтын астық компаниялары тастап кеткен».

Заң жобасы Сенат қарауына жіберілді.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер