astana-view

Енді демеушілікті заң бойынша жасаймыз

2015 жылғы 30 Қыркүйек
9057 просмотров

Мәжіліс «Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы» заң жобасын мақұлдады

Бүгін Парламенттің төменгі палатасында өзінше бір тарихи оқиға орын алды - Қазақстан қайырымдылық туралы жеке заңы жоқ жалғыз ел деген атауынан арылды.

Аталмыш кемшілік жоғарыда аталған заң жобасын депутаттар алғашқы оқылымда (яғни егжей-тегжейлі талқылаусыз) мақұлдағаннан кейін жойылды. «Оны қабылдау Салық, сонымен қатар Бюджет және азаматтық кодекстерге, Әкімшілік құқық бұзу кодексіне, сонымен бірге қолданыстағы басқа да 15 заңға түзетулер енгізілуін қажет етеді», - деп атады заң жобасын таныстырған депутат Николай Кузьмин. Ол сонымен қатар заң жобасы меценаттарды қоса алғандағы қайырымдылық жасаушылар тізбесін кеңейтетінін, сонымен қатар қолданыстағы заңдарда қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызметті реттейтін нормаларды жүйеге келтіретінін айтып өтті. Жұмыс топтарының отырыстарында құжатты талқылау барысында мәжілісмендердің жүзден астам ұсыныс енгізгенін, және де олардың барлығын бейіндік комитеттердің құптағанын айта кету керек.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер