astana-view

Бизнес-миссия орындалады!

2015 жылғы 30 Қыркүйек
8285 просмотров

Қазақстандық кәсіпкерлер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің Бірінші тауарлар көрмесіне қатысты

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдеріне отандық тауар өндірушілер қызметін дәріптеу үшін және шетелдік инвесторларды тарту үшін жаңа іскерлік формат ұсынды.

Осы мақсатта Сиянь қаласына үш күндік бизнес-миссия ұйымдастырылып, онда қазақстандық компаниялар алғаш рет ШЫҰ елдері тауарларының Бірінші халықаралық көрмесіне қатысты. Көрме аумағының жалпы ауданы 50 мың шаршы метрді құрады. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің жүздеген компаниясы ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар әлемнің түрлі елдерінің іскер топтары өкілдерінің басын қосқан оқиғаның көлемділігін сөз етті.

Көрме аясында еліміздің Ұлттық көрме стендісінде ұн тарту компаниялары өнімдері, май өнімдері, бал, өсімдік майлары, өнеркәсіптік сүзгілер мен сүзгілеуші элементтер, кәдесыйлық өнімдер, сонымен қатар балықты қайта өңдеу өнімдерінің және туризм саласындағы қызметтердің кең сұрыпталымы ұсынылды. Қазақстандық кәсіпорындар тауарлары мен қызметтерін Қытай Халық Республикасының нарығында таныстыру мүмкіндігіне ие болып, қазақстандық өнімді ҚХР нарығына жеткізу жайлы келісімдерге қол жеткізілді. Отандық өндірушілер өнімін Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты ШЫҰ қатысушы елдері мен бақылаушы елдер – Ауғанстан, Үндістан, Иран, Монғолия, Пәкістан мен Түркіменстан баға берді.

Көрменің бсты бағыты Ұлы Жібек жолын қайта құрудағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен дамуға жәрдем көрсету, өңірлік ынтымақтастықты тереңдету және ШЫҰ елдері тұрақты өсімін ынталандыру болып табылады.

«Бүгінде ел экономикасы өз дамуының жаңа кезеңінде жатыр. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін әлем елдері отандық бизнестің ерекшеліктері жайлы көбірек білетін болады. Сондықтан да мұндай салалық іс-шаралар мен бизнес-турлар кәсіпкерлеріміздің әлемдік экономикалық тенденциялардың қақ ортасында жүріп қана қоймай, заманға сай дамуына, бәсекеге қабілеттілер қатарынан табылуына мүмкіндік береді», - деп есептейді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Мейірбек Мәжитов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер