astana-view

Заңсыздыққа жол жоқ

2015 жылғы 02 Қазан
9463 просмотров

Қазақстан ЕАЭО салық органдарының деректер базасын біріктіруді ұсынды

Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің салық (қаржылық) тергеу органдары басшылары Үйлестіру кеңесінің (СТОҮК) XVII отырысы өтіп жатыр. Жыл сайын Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Молдова, сонымен қатар ТМД Атқару комитетінің делегациялары қатысады.

Мұндай кездесулер ағымдағы ақпаратты ғана емес, қатысушылар алмасатын салық төлеушілерге арналған месседждерді де алмасу мақсатында маңызды. Мысалы, Қазақстанның Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті төрағасының орынбасары Тілеу Жанғаршев кездесуді аша отырып, кредит-қаржы саласындағы қылмыстармен және салық заңнамасын бұзулармен күресте салық әкімшіліктерінің бірігу қажеттілігі пісіп-жетілгенін атады. Осыған байланысты қазақстандық тарап ЕАЭО-ға қатысушы елдерің салық органдарындағы ақпаратпен алмасу жөніндегі мемлекетаралық комиссия құруды ұсынды. Аталмыш ұсыныс СТОҮК мүшелерінің қолдауына ие болды.

«Қосылған құн салығын заңсыз қайтару, сонымен қатар жалған мәмілелерді пайдалана отырып Қазақстан арқылы ақша қаражатын шығару деректерінің алдын алу мақсатында Комитет (мемлекеттік табыс - ред.) ЕАЭО елдерінің салық органдары мен қаржылық барлау органдарының деректер базасын біріктіру қажет деп есептейді», - деп атады СТОҮК хатшысы Сурен Адамян. Ол сонымен бірге мұндай мәліметтерді онлайн-алмасуға ресейлік және белорустық тараптың мүдделі екенін айтып өтті.

МТК берген деректер бойынша, 2014 жылы осындай 6 қылмыс тіркелген, одан болған шығын 700 млн. теңгені құрады. Тілеу Жанғаршев сонымен қатар салықтық тергеулердің отандық жосықсыз салық төлеушілерге ғана емес, Қазақстан аумағында әрекет ететін ТМД елдерінің шаруашылық етуші субъектілеріне қатысты да жүргізілетінін айтты. Оларды тексеру барлық ережелерді және бизнесмендер құқықтарын сақтаумен сәйкес сұраулар негізінде жүргізіліп жатыр.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер