astana-view

Салық түзетулері Сенатқа жол тартты

2015 жылғы 07 Қазан
8533 просмотров

Жер қойнауын пайдаланушылар жаңа салық нормалары бойынша жұмыс жасайтын болады

Бүгін Парламент Мәжілісінің алқа отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын мақұлдады.

Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында құжат мақсаты – салық саясатын жетілдіру, бизнесті сақтау және т.б. деп аталған.

Бірінші оқылым барысында жұмыс топтарының отырыстарында депутаттар ұсынған түзетулердің қаралмай қалғанын еске саламыз. Бұл нормалар Үкіметке сараптамаға жіберіліп, ақырында олар мақұлданды.

Аталмыш нормалар:

- шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін ғана қолданылатын шаруашылық-ішетін жер асты сулары мен ауылшаруашылық шикізатын өндіру және (немесе) қайта өңдеуге арналған жер асты сулары бойынша жалпы белгіленген мөлшерлемеден 0,3 пайыз мөлшерінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесі бойынша; тамақ өнеркәсібіндегі жер қойнауын пайдаланушылар үшін бір тонна су үшін АЕК-тен 25% мөлшердегі мөлшерлемені орнату ұсынылды;

- нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңінің соңында қосылған ҚҚС сомасын артылуын қайтару бойынша;

- кен орны бойынша теңгерімнен тыс қорлар құрамынан өндірілетін пайдалы қазбалар мен минералдық шикізаттың барлық түрлеріне пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың нөл пайыз мөлшерлемесі бойынша төленуі бойынша;

- салық тексерістері актілері бойынша хабарламаларға дауласу өтінімдері бойынша мемлекеттік баждың абсолютті көлемін орнату бойынша;

- теңізшінің жеке куәлігі үшін, ҚР теңізде жүру кітапшасы және кәсіби диплом үшін мемлекеттік баждың жаңа түрлерін енгізу бойынша;

- индустриялық-инновациялық қызмет жобалары үшін табиғи газ бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу кезінде салық базасын қолдануды өзгерту бойынша;

- сәйкес мақсаттарда қолданылмайтын немесе ҚР заңнамасын бұзумен қолданылатын жер телімдерін айқындау тәртібі туралы;

- геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын орналастыру кезеңінде жинақталған және экспорттық мәмілелер басталғанға дейін туындаған ҚҚС артылуын қайтару бойынша;

- факелдегі ілеспе және (немесе) табиғи газды жаққаннан болған ластаушы заттар шығарындылары үшін төлем мөлшерлемесін өзгерту бойынша, сонымен қатар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген нормативтер үстінен шығарылулар үшін мөлшерлемені ұлғайтудың 10 еселенген коэффициентін алып тастау;

- 2009 жылғы бағамдық айырмашылықты есепке алу бойынша түзетулерді тарату бойынша.

Түсіндірме жазбада Парламент Мәжілісінің барлық Комитеттері құжат бойынша оң қорытынды бергені баса көрсетіледі. Мәжілісмендер заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенат қарауына жіберді.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер