astana-view

Абылай Мырзахметов: «Беріліп жатқан субсидиялардың қайтарымы болуға тиіс»

2015 жылғы 07 Қазан
8318 просмотров

Ауылшарушылық субсидияларды бөлу жөніндегі комиссияларға АӨК қауымдастықтары және бизнес өкілдері 50% дейін қатысуға тиіс

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау мәселелері жөнінде өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.

ҰКП басқарма басшысы баса көрсеткендей, соңғы кездері «Атамекен» ҰКП-да аккредиттелген АӨК қауымдастықтарының қатысуымен ауыл шаруашылығындағы субсидияларды реформалау мәселелерін талқылауға бірнеше мәрте шығарған болатын. Палата аталмыш мәселемен Үкіметке де шықты.

АӨК субсидияларын реформалау қажеттілігі неліктен туындап отыр? Бір айта кететіні бұл мәселені Мемлекет басшысы да талай рет көтерген болатын. Жыл сайын субсидиялар деңгейі өсіп отырады, алайда күтілген қайтарымы болмайды. Өндірілетін өнімді шығару бөлініп отырған қаржыландыру деңгейіне онша жауап бере қоймайды.

«Бұл бірінші кезекте гектарлық субсидиялар берілетін бар қаражаттың жартысын алатын өсімдік шаруашылығына тиеді. Аталмыш салаға 75 млрд теңге бөлінеді, ал гектарлық субсидияларға биылғы жылы шамамен 32 млрд теңге бөлінген. Алайда бұл субсидиялар, өкінішке орай, өнімділіктің өсуіне әкелмейді, яғни тікелей қайтарымды көріп отырған жоқпыз. Дей тұрғанмен, фермердердің өздері атап отырғандай, бүгінде ауыл шаруашылығында техникалық жарақталу маңызды. Жаңа технологиялар, жаңа ұстанымдар қажет, ғылымның қатысуы міндетті болуға тиіс. Жаңа гербицидтер, тыңайтқыштардың жаңа түрлерін, тұқымдардың жаңа сұрыптарын сатып алу қажет. Және де қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар гектарлық субсидияларды біршама тиімді субсидияларға ауыстыруға бағытталған», - деп атады Абылай Мырзахметов. Оның айтуынша, Қазақстанның фермерлер одағы, сонымен қатар негізгі (кейбір) АӨК қауымдастықтары Үкіметтің субсидияларды реформалау туралы шешіміне қолдау көрсетті. Себебі, Фермерлер одағының басшысы сан мәрте айтып кеткендей, бұрындары гектарлық субсидияларды барлық шаруалар бірдей алмаған, сонымен қатар жаңа аграрлық техниканы сатып алу мүмкіндігі де болмаған.

Оның үстіне, ҰКП Басқарма Төрағасы мәлімдегендей, субсидиялау жүйесінің өзі ашық болмаған. Мәселен, алматылық кәсіпкерлер субсидияларды көбінесе үнемі алып жүрген фермерлер ғана алатынына шағымданады, ал қалғандарына мүлдем бас тартылады не кешіктіріліп беріліп жүрген. Осыған орай «Атамекен» жаңа субсидиялау жүйесіне өз ұсыныстарын енгізді.

«Біз ұсынып отырған шаралардың бірі – бұл субсидияны бөлу жөніндегі комиссияларға АӨК қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің 50% дейін қатысуы. Бұл жаңа субсидияларды беруді қоғамдық бақылауды жөнге салуға мүмкіндік береді. Қазір бизнес-қауымдастықтар квоталар алып, субсидия алу жөніндегі комиссияларға қатыса алуы үшін, қағидаларды өзгертумен (АШМ келісуімен) айналысып жатырмыз», - деді Абылай Мырзахметов.

ҰКП басқармасының басшысы сондай-ақ субсидиялау жүйесін реформалаумен бірге басқа да шаралардың көзделетінін айтып өтті. Бұл, бірінші кезекте, әрбір ауданда Құзырет орталықтарын құру. Онда қазақстандық фермерлерге жаңа технологияларды енгізу жолдары жөнінен консультациялар беріледі. ҚР Үкіметінің Ауыл шаруашылық министрлігінің гектарлық субсидияларды техника, жабдықтар алуға, технологиялар енгізуге, тұқым, гербецидтер, тыңайтқыштар сатып алуға, консультанттар тартуға және жаңа зерттемелерді енгізуге ынталандыруға қайта бағыттайтын фермерлерді субсидиялау жүйесін реформалау жөніндегі ұстанымын мақұлдағанын еске саламыз.

2016 жылғы бюджетке өсімдік шаруашылығындағы субсидиялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қажет өзгертулерді енгізу болжануда, және де 2017 жылдан бастап мұндай өзгертулер мал шаруашылығындағы субсидиялау жүйесіне енгізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер