astana-view

Нұржан Әлтаев: «Инновациялық кәсіпорындар қашан да әрекет ете береді»

2015 жылғы 07 Қазан
9038 просмотров

Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнес үлесі жоғары жерде экономика тұрақты болады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Павлодарда өткен «Ертіс Инвест - 2015» халықаралық инвестициялық форумында осылай деді.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда қазақстандық экономиканың драйвері шағын және орта бизнес болуға тиіс.

Нұржан Әлтаев атап өткендей, «Атамекен» мемлекеттік органдардың, Үкіметтің дәл осы шағын және орта бизнесті дамыту үшін кедергісіз жағдай, жағымды климат жасаудағы әрекеттерін қолдайды.

«Соңғы кездері көп көлемдегі түрлі кедергілерді, рұқсат ету құжаттарын, бюрократиялық әуре-сарсаңды жоятын бірқатар заңнамалық шаралар, нормативтік-құқықтық актілер қабылдануда. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да осы бағытта әрекет етеді. Жыл басынан бері барлық өңірлерде 188 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылып, оларда кәсіпкерлерге қажет барлық қызметтер дерлік көрсетіледі», - деп атады ҰКП басқарма төрағасының орынбасары. Ол сонымен қатар шетелдік инвесторлардың КҚО қызметтерін пайдалана алатынын айтып өтті.

Нұржан Әлтаев, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру және Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысуы жайлы айта келіп, мұның отандық бизнес үшін салмақты сынақ болып табылатынын баса көрсетті. Тиімділігін, инновациялылығын көтеру жөнінен жұмыс жасайтын кәсіпорындар әрекет қабілетін жоғалтпайды, және де олар үшін Еуразиялық қоғамдастық және ДСҰ елдері нарықтары түріндегі салмақты келешек ашылады. «Ал ескіше жұмыс жасайтын кәсіпорындардың мұндай жағдайда аман қалуы екіталай. Ғылым мен бизнес арасында белгілі бір алшақтық бар. Өкінішке орай, ғылым өз бетінше дамуда. Ғалымдар, шартты түрде алғанда, бизнесте мүлдем сұралмайтын «ғарыш кемелерін» ойлап тауып жатыр», - деді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Нұржан Әлтаев қазір Ұлттық палата жанынан Инновацияға жәрдемдесу орталығы құрылып жатқанын хабарлады.

«Бұл үйлестіруші орган болмақшы. Оған техникалық және технологиялық міндеттерді шешу үшін барлық кәсіпорындардан, кәсіпкерлерден тапсырыстар түседі де, оларды ғылымның алдына тартамыз. Университеттерде, жоғары оқу орындарында сәйкес топтар құрылады. Оған біздің елдің оқу орындарын ғана емес, Ресей Федерациясының, Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін бірқатар елдер университеттерін тартуды жоспарлап отырмыз», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Біздің елімізге келгенде инвесторлар алдында тұрған тағы бір мәселе – бұл, әрине, әрбір өңірдің барлық басымдылықтарын көрсетерлік ақпараттың жоқтығы.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанында Ұлттық экономика министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігімен бірге әрбір өңірдің Кәсіпкерлікті дамыту картасын жасап жатырмыз. Бұл карта қазақстандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар үшін белгілі бір навигатор болмақшы. Және де олар әрбір өңірдің бар келешегін, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін көретін болады», - деп атады Нұржан Әлтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер