astana-view

Бизнеске арналған мүмкіндіктер

2015 жылғы 13 Қазан
9336 просмотров

ҰКП алаңында реттеушілік әсерді бағалау (РӘБ) тәжірибесі бойынша бизнестің ұстанымы дайындалып жатыр

Еуразиялық экономикалық комиссияда Еуразиялық экономикалық одақтағы реттеушілік әсерді бағалау институтының даму мәселелері талқыланды

ЕЭК-те өткен семинарда ЕАЭО мүше мемлекеттер бизнес-қауымдастықтары мен кәсіпкерлік субъектілерінің Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеушілік әсеріне бағалау жүргізуге қатысуы туралы сөз болды. Семинар жұмысына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

РӘБ институты Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен бекітілген. Оған сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайына әсерін тигізетін шешімдер осындай шешімдер жобаларына РӘБ жүргізу нәтижелерін ескере отырып қабылданады.

Осы жылдың наурыз айында Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕЭК шешімдері жобаларының реттеушілік әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі Жұмыс тобы құрылып, оның құрамына «Атамекен» ҚР ҰКП да кірді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Ресей Федерациясындағы Өкілдігі директорының орынбасары Берік Ұмытбаев ҚР Ұлттық палатасының реттеушілік әсерді бағалауға қатысу тәжірибесі жайлы ақпарат бере келіп, Қазақстанның кәсіпкерлік қоғамдастығы өкілдерін барынша тарту мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтында ЕАЭО құқықтық порталына кіру нүктесі орналастырылғанын айтып өтті. ЕАЭО аясындағы шешімдер жобаларының реттеушілік әсеріне бағалауға және қоғамдық талқылауларға арналған парақша бар.

Аталып өткендей, аталмыш шаралар Қазақстан бизнесінің ұстанымын біршама сапалы түрде даярлауға және оның Жұмыс топтары отырыстары аясында айтылуына септесетін болады.

Жұмыс тобы 2015 жылғы 12 қазанға дейінгі ахуалы бойынша 16 отырыс өткізді.

ЕЭК шешімдері жобалары бойынша 52 РӘБ қорытындысы даярланды.

15 және одан көп шешімдер жобалары бойынша Қазақстан бизнесінің ұстанымы айтылып, олар РӘБ қорытындысына кірді. Мәселен, Қазақстанның кәсіпкерлік қоғамдастығы кедендік және техникалық реттеу, санитарлық нормалар және т.б. мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.

РӘБ институты қазақстандық бизнестің ЕЭК шешімдері жобалары бойынша өз ойын білдіруіне мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

Осыған орай «Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлік қоғамдастыққа мына шешімдер жобалары бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін ұсынуды сұрайды.

Семинар материалдарымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер