astana-view

ҚР Президентінің «Алтын сапа» Сыйлығына қандай кәсіпорындар үміттене алады?

2015 жылғы 14 Қазан
8934 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмелерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды

2006 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» Сыйлығын алуға байқау өткізіліп келеді. Аталмыш сыйлық жыл сайын ұйымның өнім және/немесе қызмет сапасы, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қол жеткізген елеулі нәтижелері үшін, сонымен қатар ұйымның сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін беріледі.

Биыл байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы жеке және заңды тұлғалардың отандық нарық сапасын көтеруге, Қазақстан нарығын жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өніммен молықтыруға жердемдесуге, халық арасында сапа идеясын дәріптеуге бағытталған қызметін белсендіру мақсатында өткізіледі.

ҚР Президентінің Сыйлығы үш санат бойынша үш номинацияда беріледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»; «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»; «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын». Әрбір номинация бойынша мына санаттар бойынша үш сыйлық табысталады: «шағын кәсіпкерлік субъектісі», «орта кәсіпкерлік субъектісі»; «ірі кәсіпкерлік субъектісі».

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өңірлерде де өткізілді. Өңірлік байқаулар қорытындысы бойынша жеңімпаздар, сонымен бірге ҚР Президентінің «Алтын сапа» Сыйлығын алуға үміттенуші кәсіпорындар анықталды.

Өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқаулары қорытындысы жөніндегі ақпаратпен мына жерде танысуға болады. 

2015 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алу үшін өткізілетін байқауға қатысушы-кәсіпорындар тізімімен мына жерде танысуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер