Нұржан Әлтаев: «Қазақстанда әлеуметтік жауапты бизнес қағидаттарының қалыптасуы жүріп жатыр»
Бұдан былай Қазақстан және Нидерланды осы бағытта бірлесе жұмыс жасамақшы
Ұлттық палата өткен бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершігі стандарттары мен адам құқығын енгізу туралы семинар барысында осындай келісуге қол жеткізілді.
Кездесудің басты қонағы – Нидерланды Корольдігінің адам құқықтары жөніндегі Елшісі Кейс ван Бар «бүгінгі әлемдегі дағдарыс дәуірінде бизнес үшін әлеуметтік блок тұрақты дамуға негіз болатынын» атады.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев кездесу барысында шетелдік дипломаттарға қазақстандық бизнес және оны жүргізу қағидаттары туралы жайып салды.
«Қазақстанның бизнесі бүгінде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында және ЕАЭО аясында әлеуметтік жауапты бизнес жағдайында ғана табыспен бәсекелесе алатынымызды түсінеді. Бизнес ресурстарын адами капиталды дамытуға сәйкес түрде сала бастаған кезде, кадрлары үшін жағдай жасау жағын қарастыра бастаған кезде, дұрыс бәсекелестікке негіз болатын дүние де осы», - деп мәлімдеді Нұржан Әлтаев.
Былтырғы жылдың соңынан бері Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы әрекет етіп жатыр. Нұржан Әлтаев шетелдік қонақтарға бүгінде Қазақстанда қағидаттар мен негіздердің қалыптасуы байқалып отырғанын жеткізді. Және де осы процеске голландық дипломаттар да қатысты. Нұржан Әлтаевтың айтуынша, Қазақстандағы Нидерланды Елшілігі қаржылай қолдау көрсетуді бүгін де жалғастырып келеді. 2012 - 2013 жылдары голландтық әріптестерлің қаржылай қолдауымен «Еуразия Орталық Азия Қоры» Корпоративтік қорымен бірге «Қазақстан Республикасында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті өркендеиуге деген бірыңғай ұстанымды дайынлау» жобасы жүзеге асырылды және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі Ұлттық тұжырымдама жобасының редакциясы дайындалды.
Шетелдік дипломаттар жауап ретінде семинарға қатысушыларға әлемдегі әлеуметтік жауапкершілікті жаңаша түсіну жайлы айтып берді. Бірақ қауіпсіздік, тұрақтылық және адам құқықтары мәселелері бұрынғыша іргетас боп қала береді.
«Корпоративтік жауапкершілік дегеніміз не? Шын мәнісінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік деп жетімдер үйіне немесе жергілікті футбол командасына демеушілік жасауды түсінген уақыт баяғыда өтіп кеткен. Қазір бұған біршама көлемді мағына беріп жүрміз. Мәселен, Нидерландыда бұл мәселеге қоғамдастық қосылды. Еңбек жағдайының ерекше ауырлығы салдарынан киім тігетін фабрика жабылып қалған жағдай орын алды. Компания жұмысшыларына еңбекақы берілмеген, өздерін, балаларын асырай алмаған. Сонда Еуропаның басқа елдері ойға қалып, әдемі киімнің шындығында қанша тұратынын түсінді»,- деді Нидерланды Корольдігінің адам құқығы жөніндегі Елшісі Кейс ван Бар.
Голландтық тарап Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі дамуын қадағалап жүргенін, және де қаржылай ғана қолдап қоймай, практикалық тәжірибесімен бөлісуге де дайын екеніне сендірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Алексей
Насчет принципов - время покажет...
Пока что созерцаю несколько иное, когда недобросовестные дельцы, под вывеской казахстанских производителей, и не без помощи отдельных сотрудников палаты, продвигают в государственных конкурсах китайский ширпотреб, по баснословным ценам, с липовыми сертификатами "казахстанских производителей". Полагаю что при этом, социальный сектор Республики не особо поддерживается...
Причем многократные обращения в палату, странным образом дают обратный результат... Складывается впечатление, что это либо не интересно, либо напротив - интерес отдельных сотрудников палаты - диаметрально противоположен интересу государственному...
Сообщите пожалуйста как с Вами связаться. Может Ваше личное участие в рассмотрении данного вопроса, сдвинет дело с мертвой точки, и перекроет канал недобросовестной наживы, и опустошения госбюджета.
С Уважением
Алексей