astana-view

Бастысы, айырмашылық болмасын

2015 жылғы 16 Қазан
8537 просмотров

ЕАЭО елдерінің мемлекет басшылары Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелерін ЕАЭО нормаларына имплементациялау жөніндегі құжаттар пакетіне қол қойды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа төрағасы Виктор Христенко Ақмола облысындағы Бурабай шипажай аймағында өтіп жатқан Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бүгін болған брифингте осылай деп хабарлады.

«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты мемлекет басшылары аталмыш шешімдерді Одақ нормаларына имплементациялауды қамтамасыз ететін құжаттардың бүкіл пакетін қабылдады. Бұл, бір жағынан, ДСҰ-ға кірген кезде Қазақстан қабылдаған міндеттемелерді Қазақстан нарығына таратуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, әкімшілік ету жүйесін тарифтердегі айырмашылық Одақ бойынша серіктес елдерге еш зиянын келтірмейтіндей етіп белгілеуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Виктор Христенко.

Виктор Христенко берген деректерге сүйенсек, аталмыш шешімдер «елдердегі ратификациялық процедуралар аяғына жеткеннен кейін күшіне енеді». «Және де, мемлекет басшыларының есептеуінше, бұл процесс ұлттық парламенттерде үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанына дейін аяқталуға тиіс", - деп атады Виктор Христенко.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер