astana-view

2016 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа Армения төрағалық етеді

2015 жылғы 16 Қазан
8960 просмотров

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ақмола облысы Бурабай шипажай аймағында өтіп жатқан Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының барысында осылай деп хабарлады.

«Және де Виктор Христенкодан кейін біздің Комиссияны Арменияның бұрынғы премьер-министрі Тигран Саркисян басқаратын болады», - деді Беларусь басшысы.

БАҚ үшін жабық режимде өткен келіссөздер нәтижелеріне баға бере отырып Александр Лукашенко 15 мәселе ғана емес, «Одағымыздың даму келешегі де» талқыланғанын атап өтті.  

Бұдан кейін Александр Лукашенко Қырғызстан президентінің ұсынысымен «ЕАЭО-ға Қырғызстанның кіруіне байланысты мәселелердің де қозғалғанын» жеткізді.

«Жақын арада, жаңа жылға дейін, деп ойлаймын, аталмыш мәселелер алға жылжытылып, Қырғызстан ЕАЭО-ға кіргеніне өкінбейтін болады», - деді Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 2015 жылғы желтоқсан айында Мәскеуде өтетінін айта кетті. Тараптар нақты отырыс өтетін күнді дипломатиялық арналармен келісетін болады. 

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер