astana-view

Бақылау-кассалық машиналардың жаңа үлгілері енгізіледі

2015 жылғы 19 Қазан
11363 просмотров

ҚР Қаржы министрлігі деректер беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне өзгертулер енгізді

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерде туындап жатқан мәселелерге байланысты мемлекеттік тізілімге деректер беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) қосымша үлгілері кіргізілетіні жайлы хабарлайды.

ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі БКМ мемлекеттік тізіліміне өзгертулер енгізу туралы №495 Бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде тіркелді және жариялауға жіберіліп отыр. Бұйрық алғаш жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №495 Бұйрығымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер