astana-view

Польшадан алған тәжірибе

2015 жылғы 19 Қазан
9868 просмотров

«Атамекен» ҰКП өкілдері сақтандыру медицинасының польшалық жүйесімен танысып қайтты

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының делегациясы «Химфарм» АҚ және инвестор Polpharma шақыруымен сақтандыру медицинасы жүйесін құру тәжірибесін зерттеп-білу үшін Польшада болып қайтты.

Polpharma компаниясы (Еуропадағы генерлік дәрі-дәрмектерді ірі өндірушілердің бірі) GMP сапа стандартына сәйкес Шымкент қаласында өндірістік кешенді модернизациялау жөніндегі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырады. Жоба көлемі 100 млн АҚШ долларынан астам соманы құрайды.

«Соңғы онжылдықтарда Польша Республикасының денсаулық сақтау жүйесі бірқатар реформалардан өтті, және де қазір халықты медициналық жәрдеммен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің дамыған механизмі болып табылады. Елде сонымен қатар медициналық сақтандыру жүйесі дамыған. Екі ел тарихи әрі экономикалық тұрғыдан көптеген ортақ дүниеге ие, себебі Польша мен Қазақстан жан басына шаққандағы ЖІӨ сияқты ұқсас экономикалық көрсеткіштерге ие», - деп атады Басқарма Төрағасының орынбасары – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі.

ҰКП өкілдері Польшадағы денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру жүйесін зерттеп-білу жөніндегі семинарға қатысып, Польшаның денсаулық сақтау саласындағы сарапшылармен кездесті. Польша сарапшылары медициналық сақтандыру жүйесін, Польшада 90 жылдар соңынан бастап қазіргі күнге дейінгі іске қосылған түрлі жүйелердің мысалдарын, олардың басым тұстары мен шектеулерін, жеке меншік және мемлекеттік сақтандыру ерекшеліктерін таныстырды. Сонымен қатар медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер құнын ашық өтеу жүйесін, ауруханалар үшін дәрі-дәрмектер сатып алу, Польшадағы дистрибьюторлық ұйымдардың дамуына көз жүгіртті.

«Польшада денсаулық сақтау жүйесін тікелей азаматтар қаржыландырады. Әрбір жұмыс жасайтын азамат еңбекақысынан Ұлттық денсаулық қорына 9% мөлшерінде жарна төлеп тұрады. Қор бірқатар медицина мекемелерінің халыққа қызмет көрсетуі үшін келісімшарт жасайды: мемлекеттік және коммуналдық. Мұндай медициналық мекемелерде сәйкестендіруді жеңілдету үшін NFZ (Narodowy Fundusz Zdrowia) арнайы белгісі болады. Азамат қормен ынтымақтастықтағы кез-келген медициналық мекемеден медициналық жәрдем ала алады. Дәрігерлер қор қаражаты есебінен де, жеке ақша үшін де азаматтарды қабылдайды. Егер азамат жеке меншік клиникада емделуді таңдаса немесе кезекте тұрғысы келмесе, онда медициналық қызметті өз бетінше төлейді. Пациенттер туралы деректер есебін жүргізу және сақтау жүйесі автоматтандырылған. Әрбір жұмыс жасайтын азаматтың пластикалық чип-картасы болады. Онда медициналық қызмет көрсетуге салық төлегені туралы ақпарат пен ауру тарихы сақталады. Пациент он-лайн режимде өзі туралы ақпаратқа кіре алады. Медициналық қызмет көрсету құқығы денсаулықты сақтауға, диагностика, емделу, жарақаттар мен аурулар профилактикасы, мүгедектікті ескертуге бағытталған барлық медициналық қызметтерден тұрады», - деді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.   

Бір айта кететіні, Польша азаматы ғана емес, жұмысқа тұрған шетелдік шипажайда болу, операция жасау және ауруханалардағы мамандандырылған стационарлық емделу, сонымен қатар пациентті ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем машинасын шақырудан тұратын тегін медициналық қызметтердің толық кешенімен қамтамасыз етіледі.

ҰКП делегациясы сондай-ақ 2002 жылы «Жұмыс берушілер туралы» заңға сәйкес құрылған Фармацевтика саласындағы жұмыс берушілер қауымдастығы өкілдерімен кездесті. «Аталмыш Қауымдастық «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасына ұқсас Польшаның бизнес-қоғамдастығын біріктіретін Lewiatan-ұйымға кіреді», - деді Юлия Якупбаева.

Варшава қаласында Polpharma Компаниясының бас кеңсесінде де болды. Polpharma Компаниясы жоғары әлеуметтік жауапкершіліктің мысалы болып табылады. Компания кеңсесінде барлық қызметкерлері мен компанияға келушілер кіре алатын әлемдік көркем туынды жауһарларының топтамасын жинақтайтын заманауи өнер мұражайы орналасқан. Қызметкерлер үшін жасалған жағдай да көңіл аудартады: тренажер залдары, сауналар, солярий, дәмхана - асханалар. Компания көптеген әлеуметтік және білім беру іс-шараларын ұйымдастырушы болып табылады және салауатты өмір салтын дәріптейді. 2001 жылдан бері фармация және медицина саласындағы ең қызықты ғылыми зерттеулерді қаржыландыратын Польфарма Ғылыми қоры әрекет етеді. Польфарма компаниялар тобында 7 485 адам еңбек етеді, оның ішінде Польшада - 4 331 адам.

Polpharma Шымкенттегі өндірістік орындарды ғана емес, ғылым мен білім берудің дамуына инвестиция салатынын атап өту керек. Сонымен, 2013 жылдан бері компания Академиялық SANTO білім беру жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығымен, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясымен және Назарбаев зияткерлік мектебімен меморандумдар жасалған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер