astana-view

Кәсіпкерлеріміз шеттен алынатын ақшаға оқытылмақшы

2015 жылғы 21 Қазан
8785 просмотров

Қазақстанның Үкіметі шағын және орта бизнестің сауатын ашу үшін шетелдік кредиторлардан көлемді соманы қарызға алмақшы

Нақтырақ айтсақ, сөз 40 млн. АҚШ доллары жайлы болып отыр. Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі аталмыш соманы 2019 жылға дейін өтеуге бес жыл мерзімге сыртқы қарыз ретінде алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын талқылау барысында белгілі болды.

Құжат мақсаты толық игілікті әрі өзекті көрінеді – қазақстандық кәсіпкерлерді оқыту және әлеуетін анықтау, ШОБ үшін кәсіпқой консультанттар шақыру, бәсекеге қабілетті секторлардағы шағын және орта кәсіпорындардың өзара байланысын қолдау және т.б.

Алайда мәжілісмендер аталмыш заң жобасын күмәнмен қабылдады. Ұлттық экономика министрлігінің сырттан қарызға ақша алмақшы болған ниеті депутаттардың көңілінен шықпай отыр. Ведомство басшысы Ерболат Досаев хабарлағандай, сыртқы қарыздарды щамамен 1,5 млрд теңге мөлшерінде (6 млн АҚШ доллары) республикалық бюджеттен ортақ қаржыландыру жоспарланғанын атап өту керек.

Дей тұрғанмен, Мәжіліс қызу талқылаудан кейін заң жобасын мақұлдады. Бірақ дауыс берердің алдында депутаттар ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтан аталмыш жобаны жүзеге асыруға әрі жалпы кәсіпкерлік ортаға кететін бюджет шығынының тиімділігін қамтамасыз етуді сұрады.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер