astana-view

Ауыл тұрғынына қалай бизнесмен атануға болады?

2015 жылғы 22 Қазан
- Павлодар облысы
14537 просмотров

«Бизнес-кеңесші» курсынан өткен 15 ауылдық кәсіпкер бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік гранттарға ие болды

Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бері Павлодар облысының әрбір қаласы мен аудан орталықтарында ӨКП Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс жасап жатыр.

Сервистік қолдау бөлімінің бастығы Наталия Кузяттың айтуынша, қазірде ауылдағы Палата филиалдарының жұмысы белсенген. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылуының арқасында ауылдықтардың ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламалары біршама қолжетімді болып отыр.

«Көптеген ісін бастаушы кәсіпкерлер бизнес-жоспарды өз бетінше жазып, қажет құжаттарды жинай алмайды. Сондықтан да бизнесті ұйымдастырудың заңгерлік және маркетингтік мәселелерін шешу жөніндегі кәсіпкерлерді қолдау қызметтері көптеп сұралуда», - дейді Наталия Кузят.

Әрбір ауданда мемлекеттік бағдарламалар, рұқсат ету құжаттары мен жобаларды сүйемелдеу аясында кәсіпкерлерге консультациялар беретін 3 менеджерден жұмыс жасайды. Оның үстіне консультанттар шағын бизнес субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға кешенді сүйемел көрсетеді.

Сөйтіп, мысалы, «Бизнес-кеңесші» курсында оқыған 15 кәсіпкер бизнесті дамытуға 10 мемлекеттік грант алды. Бұл байқау қатысушыларына консультация беріп, бизнес-жоспар даярлауға әрі жобаларын қорғауға көмектескен біздің менеджерлеріміздің жұмысының нәтижесі екені сөзсіз.

Үстіміздегі жылдың 3 тоқсанында ғана Палатаның менеджер-консультанттары 452 жобаны сүйемелдеді. «Әрбір жобаның артында кәсіпкер тұр. Бұл не бизнестің жол картасы бойынша жаңа кәсіпорынның ашылуы, не микрокредит беру, не гранттық қаржыландыру», - деді Наталия Петровна. 

Жыл басынан бастап осы күнге дейін КҚО менеджерлері 4 мыңнан астам клиентке 8 мыңнан астам консультация берген. Мамандар сонымен бірге бизнесті жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп тұрады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер