astana-view

Әкімшілік кедергі азайса – кәсіпкер үшін көбірек үнем болады

2015 жылғы 28 Қазан
8959 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және қолданыстағы заңнаманы жақсарту жөніндегі жұмыс басым бағыт болып табылады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы – өңірлік даму департаментінің директоры Төлеміс Шотанов Орталық коммуникациялар қызметінде Doing Business бизнес жүргізу бойынша жаһандық рейтингте Қазақстанның жайғасымын жақсарту жөнінде өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2014 жылғы шілде айында ҚР Премьер-Министрі 2016 жылға қарай Қазақстанның Doing Business рейтингінде әлемнің бірінші елдерінің отыздығына кіруі үшін қажет шаралар қолдануды тапсырған болатын.  Және де, рейтинг көрсетіп отырғандай, осы мақсатқа жақындап та қалдық.

«ҰКП тармақталған филиалдар жүйесіне ие, бұл жер-жерлердегі бастапқы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Яғни кәсіпкерлер өз түйткілдерімен бізге жүгініп, осы  мәселелер одан әрі шоғырландырылады да, ҰКП www.palata.kz  сайтында арнайы құрылған «Түйткілдер тізілімі» қосалқы бөліміне қойылады. Кәсіпкерлердің барлық өтініштерін сәйкес құзыретті құрылымдар талдаудан өткізіп, содан кейін қолданыстағы заңнаманы өзгерту жөніндегі ұсыныстар енгізіледі», - деді Ұлттық палата өкілі.

Төлеміс Шотановтың сөзіне сүйенсек, «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы аясында бірқатар шаралар қолданылған.

«ҰКП бастамаларының арқасында кәсіпорынды тіркеу және кәсіпорын қызметін қысқарту үшін арнайы алымның күшін жою жөнінен түзетулер қабылданды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мөрді міндетті қолдануы туралы талабы алынып тасталып, кеден баждарын қысқарту жөнінен сыртқы экономикалық қызмет процедуралары едәуір жеңілдетілді. Сонымен қатар 4 санатты нысандарды міндетті экологиялық сараптау туралы талаптың күші жойылды», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы.

Төлеміс Шотанов сонымен қатар бірінші санат нысандары үшін меншікті тіркеу жөніндегі талаптардың едәуір төмендетілгенін айта кетті. «Осының бәрі ақырында Doing Business рейтингіндегі жайғасымымызды айқындайтын индикаторлардан көрініс беретіні сөзсіз. Аталып өткендей, аталмыш рейтинг инвестициялық тартымдылық үшін аса үлкен маңызға ие, яғни жетекші ұлтаралық компаниялар жалпы халықаралық рейтингілік агенттіктер елдегі бизнес жүргізудің болжамды мүмкіндігін ең алдымен Doing Business рейтингінің арқасында бағалайды. Жұмыс жалғасын табады», - деп атады «Атамекен» ҰКП өкілі.

Оның сөзінше, аталмыш шаралардың барлығы қолданбалы сипатқа ие.

«Яғни бұл жай ғана болжамды баға емес. Кәсіпкерлеріміз үшін бұл нақты сомалармен берілетін қолданбалы мәнге де ие. Әрине, нақты санды есептеу қиын, бірақ, мәселен, заңды тұлғалардың мөрді қолдану қажеттігінің жоқтығы туралы бір ғана талаптың өзі кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін 750 млн теңгені үнемдеуге алып келді. Ал тіркеу жөніндегі алымның күшін жою туралы талап – шамамен 70-100 млн теңге. Бұл тізбені жалғастыра беруге болады, бірақ бизнесмендеріміз үшін үлкен тәжірибелік мәнге де ие екені анық», - деп қорытты ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Төлеміс Шотанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер