astana-view

Тауықтың құны, немесе инфляция сергелдеңі

2015 жылғы 30 Қазан
8480 просмотров

Петропавл бройлер фабрикасы монополияға қарсы органның тексеруіне келіспейді

Тексерісті СҚО бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің жүзеге асырғанын атап өтеміз.

Құс фабрикасының директоры Рамазан Малгаждаров құс бағасын көтеру мәжбүрлі шара болғанын айтып отыр.

Кәсіпорынның өнімін бұрынғы бағамен сатуы тиімсіз болып кеткен, оған себеп – соңғы өзгерістер, соның ішінде Ұлттық банктің тамыз айында енгізген ұлттық валютаны инфляциялық таргеттеуі.

Кәсіпкердің сөзінше, бұл шетелдік валютамен сатылып алынатын ветеринарлық препараттар қоспасының, қосалқы бөлшектердің қымбаттауына алып келген, бұл, әрине, өнімнің өзіндік құнынан көрініс бермей қоймайды. Бройлердің бір келі еті бағасының өзгеруіне азық құны да әсерін тигізді.

«Азық құны орташа алғанда 30%, тәуліктік төл құны 40%, шығыс материалдар 30-35% өсті, еттің көтерме бағасы 17 қыркүйектен бастап 6% өсті және бүгінде бір келісі 435 теңгені құрайды. Барлық азық шығынынан 60% рационды құрайтын бидай құны үстіміздегі жылдың 4 қыркүйегінен бастап 30 % өссе, бройлерлер рационының 20 пайызын құрайтын толық майлы соя  49% көтерілді. Сәйкесінше, қоспалар бағасы да артты, жалпы, сатылып алынатын азықтар бойынша баға 28% өсті», - деп тізбеледі Рамазан Малгаждаров.

Инфляцияның бір тәуліктік балапан бағасынан да көрініс бергенін атап өту керек. Ал оны, Қазақстанда тәуліктік балапанды жеткізуші болмағандықтан, «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС Ресейден сатып алады.

«Кәсіпорнымыз бір келі үшін 435 теңге төленген күннің өзінде, салмақты қиындық шегіп отыр, себебі өзіндік құн бір келі үшін 488 теңгені құрайды. Түсініп отырғандарыңыздай, мұндай өзіндік құнмен және жылына 2 000 тонна ет шығаратын мұндай өндіріс көлемімен жылына 3 000 және одан артық өнімділікті ет өндірушілермен бәсекелесу оңай емес. Оның үстіне, географиялық орналасуымыз бойынша өте қатал климат жағдайында жатырмыз, осыған орай құс қораларды жылытуға аса көп қаражат кетеді, және де біз соя мен басқа да құрамдастарды жеткізушілерден тым алыста жатырмыз», - деп жалғады сөзін тексерістен күйінген кәсіпкер.

Кәсіпорында өндірісті кеңейту үшін айналымдық қаражат та жоқ, бұл оның тиімділігін арттырар еді. 1 келі өткізілген ет үшін 50 теңге мөлшерінде алынған субсидия құс фабрикасының жұмыс орындарын сақтап, әрекеттегі өндірісті жаппауына мүмкіндік берді.  

Бір айта кететіні, департамент үстіміздегі жылдың 15 қазанында құс фабрикасына қатысты басталған тергеуді тоқтата алмайды, себебі баға көтеру орын алып отыр. Ал оның негізді не негізделмегені қараша айының соңында белгілі болады. Бұл туралы СҚО Кәсіпкерлер палатасы жұмыс тобының отырысында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті облыстық департаменті басшысының орынбарасы Наталья Шаяхметова хабарлады.

«Қазір құс фабрикасы барлық сұралған құжаттарды ұсынды. Мәліметтер тексерілуде. «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС тарапынан заңнаманы бұзу анықталмаған жағдайда тергеу жабылады», - деп сендірді Наталья Шаяхметова.

Жиналыс қорытындысы бойынша Кәсіпкерлер палатасы СҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментіне құс етінің бағасын көтеруді қарау кезінде барлық факторларды, соның ішінде күрделі экономикалық жағдайды ескеруді, ал құс фабрикасына департамент сұрап отырған ақпаратты барынша толық көлемде беруді ұсынды. Сонымен, палата сарапшылары ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қатысты осындай тергеулер жүргізілуіне мониторингті жалғастыра береді.


Ұқсас жаңалықтар:

Нан бөлкесі қанша тұрады?
13 Қараша
2015
Атырау облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер