astana-view

Келіспеушілік болмауға тиіс

2015 жылғы 06 Қараша
8807 просмотров

Еуразиялық экономикалық кеңесте ЕАЭО Кедендік кодексінің нормалары талқыланады

Кеден заңнамасын жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобының 2015 жылғы 10 қарашада Мәскеуде өтетін 16 отырысында Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің жобасын дайындау кезінде туындаған бірқатар келіспеушіліктер талқыланады (сыныптама, тәуекелдер, шыққан елді растау және басқалары).

Жұмыс тобының мүшелері сонымен бірге:

1. Ресей Федерациясының ЕАЭО Кеден кодексі жобасына 2015-2016 жылдары тауарларды «табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар жайғасымы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу бойынша «пилоттық» жобаны жүзеге асыру туралы Келісімге сәйкес таңбалауға жататын тауарларды бақылауды ұйымдастыруға қатысты нормаларды енгізу бойынша ұсынысы;

2. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өту тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері де талқыланады.

2015 жылғы 11-20 қараша аралығындағы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақ Кедендік кодексі жобасын даярлау жөніндегі Сараптау тобының 17 отырысы мына мекенжайда өтеді: Мәскеу қаласы, Летниковская көшесі, 2 үй, 1 құр., «D» корпусы, 702 және 726 кабинеттер.

Сараптау тобының отырысы барысында ЕАЭО КК жобасының 4, 6 – 8 бөлімдері, 5 бөлім 37-40, 42 тараулары бойынша, ЕАЭО КК № 1, 3 және 4 қосымшалар бойынша келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді талқылау, аталмыш бөлімдерді, тарауларды және қосымшаларды Жұмыс тобында қабылданған шешімдерді ескере отырып түзету, ЕАЭО КК жобасының «Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен осындай аумақтың екінші бөлігіне  Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекет аумағы арқылы алынып өтетін тауарлардың Одақтың кедендік аумағы арқылы қозғалуының тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері» атты жаңа тарауын талқылау жоспарланып отыр.

Сараптау тобының отырысына арналған материалдармен мына жерде танысуға болады.

Жұмыс тобының отырысына арналған материалдармен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер