astana-view

Қазақстан мен Чехия бизнесмендері мәміле жасасты

2015 жылғы 06 Қараша
9123 просмотров

Қазақстандық және чехиялық кәсіпкерлер Астанада бірқатар өзара тиімді келісімдер мен мәмілелер жасасты

Қазақстандық-чехиялық бизнес-форум аясында өткен екі жақты В2В кездесулерге 30-дан астам чехиялық компания қатысты 

Делегация құрамында ауыл және орман шаруашылығы, сусындар және азық-түлік өндірісі, сүт өндірісі, майлы дақылдарды өңдеу, химия және тамақ өнеркәсібі саласында еңбек ететін компаниялар бар. Сонымен қатар химикаттар мен жарылғыш заттар өндірумен, дәрілік өсімдіктерді қайта өңдеумен және фармацевтикалық шай қоспаларын, тамақ қоспаларын дайындаумен айналысатын, қаржы және заң қызметтерінің кең көлемін көрсететін кәсіпорындар келді. 

«Қазақстанға алғаш келіп отырған жоқпыз, ел тәуелсіздік алғаннан бері табыспен жүзеге асырылған бірлескен жобалар баршылық, және де бұл сенімді серіктестіктің кепілі», - деп атады Сауда-өнеркәсіптік палатаның атқарушы директоры әрі басқарма мүшесі Франтишек Масопуст.

Елордалық Кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде шағын және орта бизнестің шамамен 50 өкілінің қатысуын қамтамасыз етті. Тараптардың белсенді ынтымақтастық орнатуға және өзара қатынасты тереңдетуге мүдделі екенін атап өту керек, себебі іскерлік келіссөздердің алғашқы нәтижелері де жоқ емес.

Мәселен, орманды қайта қалпына келтірумен, қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын, сонымен қатар алое вера өсіру жөнінен эксперименттер жүргізетін және дәрілік өсімдіктердің бірегей базасына ие қазақстандық «Экотохнология» компаниясы чехиялық ірі «Лерос» компаниясы тұлғасында іскер серіктес тауып отыр. Кәсіпорын ширек ғасырдан астам уақыттан бері дәрілік өсімдіктерден шөптесін және фармацевтикалық жинақтар өндірумен айналысып келеді. Чехтер экологиялық таза өнімге қызығушылық танытып, фитошайларды бірге өндіруді жөнге салу ұсынысымен жүгінді. Оның үстіне, тараптар қазақстандық алое вера концентратын Чехия мен елге шекаралас өңірлерге тікелей жеткізу туралы келісімге келді.

Елордалық фермерлердің әріптестерімен жүргізген келіссөздері де өнімді болды. Кең көлемдегі ақпарат алмасудың арқасында шаруа қожалықтарының иелерінде отандық мал шаруашылығын жаңа даму деңгейіне көтеру мүмкіндігі пайда болды. ШОҚ кәсіпкері Тілеубек Сүлейменов В2В кездесулерге қатысу үшін Астанаға арнайы келіпті. Оның сапары жемісті болды, өйткені Чехиядан келген кәсіпкерлер мал шаруашылығын дамыту, сондай-ақ етті экспорттау жобаларына қызығушылық танытты. Тараптар фермерлік шаруашылықты жүргізуде чехиялық технологияны қолдану туралы алдын-ала келісім жасасты.

Астанада өкілдік ашуға тілек білдірген чехиялық «ВУХЗ» компаниясы консалтингілік қызметтер саласында маманданған елордалық «Даму» фирмасының қызметтерін қолданатын болды. Ал заңды тұлға ретінде тіркеліп, салық және статистикалық есептілікті жүргізу үшін, сондай-ақ тендерлер мен мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін, компания «Даму» фирмасының білікті мамандарына жүгінеді.

Чехиялық тарап келіссөздерге қорытынды жасай отырып, Қазақстанды сенімді серіктес ретінде көретінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер