astana-view

Дәріханалар мен наубайханалар қажет

2015 жылғы 09 Қараша
- Ақтөбе облысы
9684 просмотров

Ырғыз ауданында жыл басынан бері 104 миллион теңгеге 32 жоба жүзеге асырылған

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы басшылығының шағын және орта бизнес өкілдерімен дәстүрлі кездесуі бұл жолы Ырғыз ауданында ұйымдастырылды.

Ырғыз ауданы өңірдегі ең шалғай жатқан аудан болып табылады. Алайда жергілікті тұрғындар бұған қарамастан, мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, бизнеспен айтарлықтай белсенді түрде айналысады. Ауданның Қостанай, Қарағанды, Қызылорда облыстарымен шектесетінін ескере отырсақ, бизнесті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Қазірде ауданда бес жүзден астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, 842 млн теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілген. Дүкендер ашылып, мал өсіретін шаруашылықтар мал басын көбейтуде. Жергілікті кәсіпкерлердің жобаларды жүзеге асыруына Кәсіпкерлер палатасының филиалы жәрдемдеседі.

«2015 жылы Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен жалпы 32 жоба жүзеге асырылған. Соның ішінде барлығы 104 миллион теңге сомасына 18 – «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында, 6 – «Сыбаға» бағдарламасы бойынша, «Кәсіпкер» және «Құлан» бойынша әрқайсысында 3 жобадан», - деп атады Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов.

Инфрақұрылым мен логистика дамуының төмендігі салдарынан аудан аумағында ірі өндірісті ашу және құрудың экономикалық тұрғыдан лайықсыз екенін мойындау қажет. Мұнда көп салымды қажет тепейтін қызмет көрсету, өндірістер саласындағы жобалар көп сұралады.  

ӨКП директорының орынбасары Жаңаайым Келбатырова келешегі бар жобаларды атады.

«Нарық көлемі мен ШОБ-ты қолдау және дамыту бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды ескере отырсақ, біздің ойымызша, Ырғызда киім тігетін және қайта қалпына келтіретін ателье сұранысқа ие болады. Жүнді бастапқы өңдеу жөніндегі цех ашу өзекті болып қала береді», - деп ол ауданда жүзеге асыруға болатын жобалар тізбесін жеткізді.

Кездесуге қатысушылар сонымен бірге жабық грунтта қияр және қызанақ өсіретін жылыжай кешенін, шағын наубайхана, аспаздық орнын ашу жобаларына қызығушылық танытты.

Іс-шара барысында ісін бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлер осы және басқа да жобалары жүзеге асыру үшін қаржыны қалай және қайдан алуға болатынын, жеке іс асу үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары бар, оларды ұсыну шарттары жайлы ақпарат алды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер