astana-view

Алтын сараптамадан өтеді

2015 жылғы 16 Қараша
9134 просмотров

Кейбір кәсіпкерлер ЕАЭО аясында импорттың іс жүзіндегі құнын төмендетуге тырысады

Бүгін Мемлекеттік табыс комитетінде өткен брифингте ЕАЭО-ға тауарларды импорттау кезінде тыйымдар мен шектеулерді қолдану жайлы айтылды. Олар сонымен қатар асыл металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және өзге де бұйымдарды әкелу және апару ережелеріне де таралды. Сонымен, ЕАЭО кедендік аумағына зергерлік бұйымдарды әкелуде немесе оларды аталмыш аумақтан үшінші елдерге апаруда сыртқы экономикалық қызметке қатысушы бұйымдардың барлық топтамасын Қазақстанның Сынама палатасында сапалық-түстік, сандық және құн сипаттамалары мәніне сараптау процедурасынан өтуге тиіс.

Аталмыш ереже асыл бұйымдарды жеке қолдануға сатып алған жағдайда әрекет етпейді. Мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін тексерілген тауарлар қандай да бір кедендік процедурадан өтеді. Мемлекеттік табыс комитеті баспасөз қызметі берген деректер бойынша, 2015 жылдың басынан бері ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және аталмыш аумақтан әкету кезінде асыл металдан және асыл тастан жасалған 822 бұйымның мемлекеттік бақылау процедурасынан өтпегені айқындалды. Комитетте бұдан басқа ақпарат хабарланған жоқ. Тек аталмыш дерек бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатқанын атап өтеміз. МТК берген деректер бойынша, үстіміздегі жылы тауарларды кедендік тазарту кезінде сәйкестікті бағалау жайлы 29 жалған құжат ұсыну дерегі анықталған. Аталмыш бұзулар Қазақстанның Қылмыстық кодексі «Экономикалық контрабанда» 234 бабына сай келген. Бір қызығы, жекелеген жосықсыз кәсіпкерлердің ЕАЭО шекарасы арқылы импорттау кезінде құнын төмендетуге талпынған тауалары арасында Комитеттегілер Қазақстан аумағына Ресей мен Қытайдан әкелінген күшті әсер ететін уларды да атап отыр. Сонымен бірге, қару және патрондар контрабандасына талпыныстар тіркелген. Бақытымызға орай, бұл бір рет қана тіркелген оқиға.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер