astana-view

Теңгеге деген сенім қалпына келеді

2015 жылғы 18 Қараша
8444 просмотров

Мемлекет басшысы Үкіметтің біршама тиімді жұмыс тындыруын күтеді

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік артықшылықтарын біршама белсенді түрде түсіндіру, келешегі бар индустриялық-инвестициялық жобаларға назар аудару, ұлттық валюта мен Ұлттық банкке деген сенім, инвесторлармен әрекеттестік. Бұл бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген тапсырмалар мен тақырыптардың бір бөлігі ғана.

Сонымен, Мемлекет басшысы МЖӘ жайлы айта отырып, «оның түрлі формаларының барлық салаларда қолданылуын және инфрақұрылымның, соның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуының негізгі тетігіне айналуын» тапсырды.

«Бүгінгі таңда МЖӘ қолдану үшін бар жағдай жасалған, сәйкес салық-құқықтық актілер қабылданған, бірақ әлі күнге дейін тиісті әсер бермей отыр», - деп мәлімдеді ол. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа инвестициялар үшін әлеуетті жобалардың бірі ретінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясындағы жол құрылысын атады.

«Нұрлы Жол» бағдарламасының барлық жолдары – бұл автобандар. Оған адамдар ақы төлейтін болады. Қазір «Астана-Бурабай» автожолында тәжірибе жинап жатырмыз. Есесіне сапалы жолмен жүреді, және де мұндай ақылы жолдарға инвесторларды үнемі  тартып отыруға болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған орай Президент мемлекеттік органдарға, әкімдікке және ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа жеке «кең көлемді әдіснамалық жұмыс жасауды» тапсырды.  

Мемлекет басшысы индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асырудан да біршама әсер болуын күтеді. Өнімділіктің өсуі экономикалық және индустриялық жобалар үшін басты критерийге айналуға тиіс, сондай-ақ «өнімділігі төмен салаларды қолдауды азайту керек». Сондықтан да Үкіметке тек келешегі бар әрі экспортқа бағдарланған жобаларды қолдау тапсырылды.

Президент сонымен қатар экономикада байқалып жүрген банкроттық тәсілдерін қайта қарауды ұсынды. Кәсіпорындар банкрот болған жағдайда «оларды жабу міндетті емес», «банкроттықты ешкім де бұлай жасамайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Әлемде күніне миллион компания банкрот атанып, миллион компания жаңадан құрылады, мұны ешкім елемейді де. Ал бізде банкрот атанған жағдайда кәсіпорынды міндетті түрде жауып, жұмысшыларды таратып жіберу керек», - деп көрсетті Қазақстан Президенті. Ол кәсіпорын төлемге қабілетсіз болған жағдайда мемлекеттің қолдау көрсете алатынын еске салды, бірақ бұл «өндірісті тоқтатып, адамдарды жұмыстан шығару» дегенді білдірмейді. «Басқа менеджер шақырылып, ол келіп, басқара бастайды», - деп кеңес берді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бүгінгі күнгі өзекті тақырыптардың бірі – Ұлттық банк қызметі және теңгеге деген сенім жайын да қалдырып кетпеді. Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық банк халыққа жалпы қаржы әлемінде және біздің елімізде орын алып жатқан жағдайды қарапайым тілмен түсіндіріп беретін басты және жалғыз орган» екенін баса көрсетті.

«Қазір олар онсыз да сауатты. Өмір санауға, аталмыш істерге үңілуге мәжбүрлейді. Соңғы кезде бұлай болмады, әлемде орын алып жатқан оқиғаларды түсіндірмедік. Жаман болсын деп отырған жоқпыз, ешкімде жаман ниет жоқ», - деді Мемлекет басшысы. «Банкке деген сенімнің, теңгеге деген сенімнің қайта қалпына келеріне сенемін», - деп санайды Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент сонымен қатар дағдарысқа назаланбауды, оның жағымды тұстарын аңдауды ұсынды. «Кез-келген реформа – басшылар үшін ауыртпалықты іс. Бірақ батыл басшы осының бәрін басынан өткереді, себебі нәтижесінде халыққа игі іс жасайды», - деп атады Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан халқына Жолдауда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының егжей-тегжейі нақтыланады деп күтіліп отыр.

«Ауыртпалықты уақытта не істеуіміз керектігін біршама егжей-тегжейлі, нақты қадамдарды түсіндіре отырып, кезекті Жолдауымда жариялаймын. Жолдауды биылғы жылдың соңында жасаймын деп жоспарлап отырмын», - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер