astana-view

Отандық өндірушілердің үлесін арттыру – басты міндет

2015 жылғы 19 Қараша
- Павлодар облысы
13426 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы жергілікті өндірушілерді қолдау бағытында жұмыс жүргізуде.

Компаниялардың сатып алуларында жергілікті тауар үлесін арттыру үшін және шағын бизнес өкілдері мен ірі кәсіпорындар арасындаға тауар өндірушілердің кооперациясын қамтамасыз ету мақсатында Палата жүйе құрушы кәсіпорындармен меморандумдар жасауда.

Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен өткізілген кеңестер қорытындысы бойынша келесі кәсіпорындармен меморандумдар жасалды: «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты».

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Байсейітовтің айтуынша, тараптардың өзара ынтымақтастығының арқасында сатып алуларда жергілікті тауар өндірушілерінің үлесі артып келеді. Сондай-ақ, «Завод MBИ» зауыты 2015 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда өз өнімін 30% ұлғайтты, ал 3 тоқсанымен салыстырсақ - 40%. «Гидропривод» ЖШС «Богатырь Көмір» ЖШС-на жеткізілім көлемін арттырды.  

Меморандумға қол қойылғаннан бастап, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ жергілікті тауар өндірушілерімен 12,2 млн, теңге сомасына 4 келісім-шартқа қол қойды. «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ шағын бизнес өкілдерімен 72,0 млн.теңге сомаға 4 келісім шарт жасады. «Қазақстан алюминийі» АҚ 109,8 млн.теңге сома құрайтын 15 келісімге қол қойды. Ал «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жергілікті тауар өндірушілерімен 795 млн.теңге сомаға 47 келісім-шарт жасасты.

Палата осы бағыттағы жұмысты өңірдің басқа да жүйе құрушы кәсіпорындарымен жүргізуге бел буып отыр. Өйткені бұл компаниялардың сатып алуларындағы жергілікті тауар үлесінің көлемін болжауға мүмкіндік береді. «Осындай іс-шаралар арқасында жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдер көлемін ұлғайта аламыз. Ал бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға септігін тигізеді», - дейді Серік Басарұлы.

Бүгінгі күні отандық тауар өндірушілерін қолдау және  жергілікті қамту деңгейіне мониторинг жүргізетін комиссия құру бойынша облыс әкімшілігімен бірлесе жұмыс атқарылуда. Бұл өңірдегі тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне мүмкіндіктер береді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер