astana-view

Заңға қарсы сипаттағы хабарлама

2015 жылғы 20 Қараша
13507 просмотров

ӨКП әрекетінің арқасында кәсіпкер 200 мың теңгесін үнемдеп қалды

СҚО Айыртау ауданы жер қатынастары бөлімі кәсіпкерге жерді өз еркімен басып алып, осылайша аталмыш телімді сатып алу қажеттігін туындатып отыр деген айып тағуға тырысты.

Қазан айында «Арман» шаруа қожалығының басшысы Асқар Есенжанов Айыртау ауданы «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен хабарлама алады. Онда шаруа қожалығының ҚР Жер кодексі 43 бабының 10 тармағындағы нормаларды бұзғаны жайлы, атап айтқанда, жер телімін өз еркімен басып алу жайлы айтылған.

«Билік өкілдері ШҚ басшысына техника тұрағына арналған қосымша жер теліміне құқық орнатушы құжаттар ресімдеуге нұсқау береді. Онда жер телімін жалдау жайлы емес, 200 мың теңге сомасына 10 сотық көлемді алып жатқан жерді нақты сатып алу туралы сөз болады. Аталмыш норманы орындамаған жағдайда олар жер инспекциясы қызметкерлерін жібереміз деп қорытқан», - деп жеткізді СҚО КП жергілікті филиалының директоры ПП СКО Данияр Қалымов.

Кәсіпкердің өтініші аудан прократурасымен бірге қаралды. Құқық қорғау органы жүргізген іс-шара барысында берілген хабарламаның негізсіз болғаны анықталып, «Жер қатынастары» ММ оны қайтарып алуға мәжбүр болады. Осылайша, Палата филиалы 200 мың теңге сомасына кәсіпкердің құқығы мен заңды мүддесін қорғап қалды.

«Түйткіліңе құлақ түріп қана қоймай, нақты жауап қату шараларын қолдана алатын білікті мамандардың қызмет жасайтынын білгендіктен, Кәсіпкерлер палатасына жүгіндім. Хабарламаның күші жойылды. Ризамын. Ол үшін Палатаға тағы бір рет алғыс айтамын» - дейді «Арман» ШҚ басшысы Асқар Есенжанов. 


Ұқсас жаңалықтар:

Жер учаскесі сот арқылы қайтарылды
13 Тамыз
2018
Жетісу облысы
Қателік түзетілді
29 Наурыз
2016
Қостанай облысы
Жер кәсіпкерге берілсін!
4 Қараша
2015
Маңғыстау облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер