astana-view

Шекарада ветеринарлық ілеспе құжаттарды салыстыру кезінде туындаған түйткілдер 5 күн ішінде шешіледі

2015 жылғы 23 Қараша
12762 просмотров

Кәсіпкерлерге Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру аясында Қазақстанның міндеттемелеріне сәйкес ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) тиесілі тауарларды алып жүру тетігі түсіндірілді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аталмыш мәселені талқылау ҚР ауылшаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева мен Ауыл шаруашылық министрлігі басшы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Отандық қайта өңдеуші кәсіпорындарға, ауылшаруашылық өнім өндірушілерге, ветеринарлық дәрігерлерге, сонымен қатар жүк тасымалдаушыларға ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) тиесілі тауарларды ДСҰ-ға кіру кезінде Қазақстан Республикасының қабылданған міндеттемелеріне сәйкес ЕАЭО басқа мемлекеттеріне әкелу/апару тәртібі түсіндірілді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова дөңгелек үстел жұмысын аша отырып, Алулар тізбесіне түскен, Қазақстанда кедендік әкелу баждары төмендетілетін тауарларды әкелу мен алып жүруге әкімшілік ету тетіктері жайлы еске салды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті ұлттықтың үстіндегі және ұлттық заңнамалардың түрлі деңгейлерінде қабылданған шешімдер негізінде осындай тауарлардың айналымын бақылау тетігін таныстырды.

Дана Жүнісованың айтуынша, ҚР ҚМ Мемлекеттік табыс комитеті қазір Алулар тізбесіне түскен тауарлардың айналымын бақылау тетігін енгізу мақсатында ұлттық нормативтік-құқықтық базаға қажет түзетулерді дайындауда. «Атамекен» ҚР ҰКП бұл туралы отандық кәсіпкерлерге таяу арада ақпарат береді.

Сәл бұрын «Атамекеннің» Қазақстан ДСҰ-ға кіру кезінде ветеринарлық-санитарлық шаралар саласында аталмыш саладағы Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік актілері талаптарынан ерекшеленетін талаптарды қолдану міндетін мойнына алғаны жайлы ақпарат жариялағанын еске саламыз. Атап айтқанда, Қазақстан өз аумағына ЕАЭО ветеринарлық сертификаттарының бірыңғай формаларынан ерекшеленетін екі жақты сертификаттар бойынша ветеринарлық бақылауға жататын тауарларды әкелуге рұқсат алды. Еуропалық одақ – Қазақстан Республикасы форматындағы келісілген сертификаттар тізбесіне 13 сертификат кірді («Атамекен» ҚР ҰКП сайтында жарияланды).   

Сондай-ақ СЭҚ ТН 0401, 0402, 0403, 0404, 0405, 0406, 0407, 0504 00 000 0, 2105 00, 3501, 3503 00 кодтары бойынша тауарларды (қайта өңделген сүт өнімдері – йогурт, кілегей, балмұздақ, айран,іркіт және басқалары; малдың ішегі; желатиннен жасалған топ; казеин) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде ЕАЭО үшінші елдері кәсіпорындарының Тізіліміне кіргізу талап етілмейді. Ветеринарлық қызмет міндеттерінің бірі эпизоотиялық саулықты және жануарлар мен құстардың ерекше қауіпті ауруларын әкелуге және таратуға жол бермеуді қамтамасыз ету болып табылатыны белгілі. ЕАЭО-да санитарлық-ветеринарлық шараларға деген үйлестірілген ұстанымдар мен ұлттықтың үстіндегі қалыптасқан нормативтік база ветеринарлық қызметке бағынышты кәсіпорындар қызметі үшін бірыңғай жағдай жасады.

Қазақстанның ЕАЭО талаптарынан ерекшеленетін талаптарды қолдануы басқа мүше мемлекеттердің барлығы мақұлдаған ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды қадағалау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдауды қажет етті.

Қадағалану жүйесімен бірге бақылаудағы тауарлар немесе олардан жасалған өнімдер ЕАЭО сертификаттарының бірыңғай формаларынан ерекше ветеринарлық сертификаттар бойынша әкелінген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы мұндай тауарларды және өнімдерді апаруға жол бермеуге тиіс деген міндеттеме бар.  

Қазір ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі ЕАЭО елдері мал дәрігерлік саласындағы уәкілетті органдарымен ЕАЭО ветеринарлық-санитарлық шаралар саласындағы нормативтік базасының қолданыстағы  талаптарымен әкелінген бақылаудағы тауарлардың кедергісіз алып жүрілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Үстіміздегі жылдың 17 қарашасында ҚР АШМ Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы және Беларусь Республикасы мал дәрігерлік саласындағы уәкілетті орган өкілдерімен кездесу өткізіп, оның барысында АӨК-тегі БАБЖ және Аргус (РФ) ақпараттық жүйелерін интеграциялау жөніндегі жұмыстардың Кесте жоспары бекітілді.

Анықтамалық: АӨК-тегі БАБЖ бұл бақылаудағы өнімдердің жүк ағымдарын есепке алу және талдау жүргізілетін ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі.

Аргус (РФ) – малдарды, мал өнімдерінен жасалатын өнімдер мен шикізаттарды әкелуге, апаруға немесе тасымалдауға берілетін өтінімдерді қарау процесін, мемлекеттік мал дәрігерлік қадағалаудағы жүктерге рұқсаттар немесе бас тартулар беру процесін автоматтандыруға бағытталған автоматтандырылған жүйе.

ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева жаңа жағдайларды бизнеске жеткізу мақсатында үшінші елдерден Қазақстан Республикасында СВС шаралар бойынша ЕАЭО талаптарынан ерекшеленетін талаптар қолданылатын, ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында импорттау кезінде бақылаудағы тауарлар қозғалысының тәсілін таныстырды.

Гүлмира Исаева кәсіпкерлердің назарын бизнес үшін жұмыс тәсілінің өзгермейтініне аударды. Бақылаудағы тауарлар қолданыстағы талаптар бойынша да ветеринарлық ілеспе құжаттар болған жағдайда экспортқа жіберілетін болады.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы С.Хасеновтың айтуынша, бақылаудағы өнімнің қадағалануын қамтамасыз етуге ҚР АШМ ақпараттық жүйесі – АӨК-тегі БАБЖ жүйесін жасау және одан әрі Аргус (РФ) жүйесімен интеграциялау жолымен қол жеткізіледі. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жүйелер интеграцияланғанға дейін ЕАЭО елдерінің мал дәрігерлік саласындағы уәкілетті органдарына АӨК-тегі БАБЖ ақпараттық жүйесіне берілген ветеринарлық сертификаттар туралы мәліметтер алу тұрғысынан кіруін қамтамасыз етеді.

Дөңгелек үстел барысында белсенді талқылау мәніне айналған басты мәселелердің бірі Қазақстан аумағынан ЕАЭО көршілес мемлекеттеріне бақылаудағы өнімдерді апару тәртібі болды. Аталмыш мәселе қажет тауарға ілеспе құжаттардың болуы мұндай тауарларды әкету шарты ретінде талқыланды. Кәсіпкерлер, атап айтқанда, тасымалдаушылар ЕАЭО басқа мемлекеттері аумағына бақылаудағы тауарларды әкелу кезінде шекарада болуы мүмкін түйткілдерге алаңдап отыр.

ҚР АШМ өкілдері алаңдаулы сұрақтарға ЕАЭО мемлекеттері ветеринария саласындағы уәкілетті органдары арасында ақпараттық деректер базасында электронды формасы бар қағаз түріндегі (уәкілетті орган берген) ветеринарлық ілеспе құжаттарды шекарада салыстыру кезінде іркілістер туындауы мүмкін кездері 5 күн мерзім беріледі деген келісуге қол жеткізілгенін түсіндірді.

Бақылаудағы тауарларды РФ аумағына әкелген қазақстандық өндірушілер, жеткізушілер және/немесе тасымалдаушылар осы мерзім ішінде ҚР ветеринарлық қызметі (ЖАО, ВБҚК) ұлттық қадағалау жүйесіндегі ветеринарлық сертификаттар бойынша ақпаратты сәйкестікке келтіру үшін ЕАЭО елдері мал дәрігерлік жөніндегі уәкілетті органдарына жүгініп, бұл тауарларға ЕАЭО мүше мемлекеттер тексеру органдары тарапынан ешқандай қимылдар қолданылмайды. 

Сонымен бірге ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті бақылаудағы өнімді әкелу кезінде ықтимал тәуекелдерді барынша азайту мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік бөлімдері өкілдеріне БАБЖ ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат ұсынуға дайын. Осылайша, қазақстандық бизнесте қадағаланудың ұлттық жүйесінде тасымалдауға ұсынылған ветеринарлық ілеспе құжаттардың болуын электронды формада тексеру мүмкіндігі болады.

Талқылау барысында «Қазақстанның Сүт Одағы» ЗТБ атқарушы директоры В. Кожевников «Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР АШМ өкілдеріне осындай іс-шараға қатысу мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтып, бизнеске қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бойынша олар күшіне енгенге дейін түсіндірудің алғаш рет беріліп отырғанын атады. 

Сонымен қатар, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова бизнес-қоғамдастықты қолдау және ақпарат беру мақсатында санитарлық-ветеринарлық шаралармен байланысты мәселелер жөнінде ДСҰ-ға қосылу және онда жұмыс жасау шарттарына байланысты мәселелер бойынша жедел желінің қызмет жасайтынын хабарлады.

«Атамекен» ҚР ҰКП жауапты қызметкері - Сейсенов Болат Секенұлы, телефон +7 (7172) 919 325. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер