astana-view

Оқулық қандай болса – оқушы да сондай ма?

2015 жылғы 23 Қараша
12385 просмотров

Әрбір баспа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес өз оқу бағдарламаларын дайындап әрі бекітіп, оқулықтарын да шығара алады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің кәсіпкерлер, білім беру саласындағы мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен өткен отырысында осы мәселе сөз болды.

Оқулықтар шығарумен айналысатын «КөкЖиек» баспа үйінің өкілі Наталья Новосельцева оқулықтар жасауда баспаның әлемдік сарапшыларды тарта отырып, әлемдік стандарттарды басшылыққа алатынын атап өтті.

«Баспа және авторлық ұжым профессор Оразбаеваның басшылығымен Қазақстанда алғаш рет 1-11 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» деңгейлік оқулықтарын құрастырды», - деп хабарлады Наталья Новосельцева. Оның айтуынша, «КөкЖиек» баспасы авторлық ұжым және әлемге танымал халықаралық әріптестерге ие бола отырып, бірыңғай базалық оқулық жасау жөніндегі байқауға қатысуға дайын.

«Бірақ қоғамдастықтың назарын аударуды қажет ететін бірнеше мәселе туындайды. Кез-келген сыбайлас жемқорлық тәсілдерін болдырмас үшін, және де бизнестің аталмыш оқулықты асықпай, байсалды түрде даярлауы үшін, базалық оқулық бойынша талаптар нақты дайындалуы қажет, және де бұл талаптар бізге ертерек жеткізілуге тиіс. Оның үстіне талаптарда «базалық бірыңғай оқулық» ұғымының өзі, түрлі бейіндер мен мектептердің түрлі типтеріне қойылатын талаптар да жазылып көрсетілуге тиіс. Егер 2017 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі базалық оқулықты енгізетін болса, онда қазірдің өзінде бірыңғай базалық оқулыққа қойылатын талаптар көпшіліктің талқысына ұсынылуға тиіс. Баспалар бұл оқулықты шығарып үлгеруге тиіс, нақты критерийлермен және халықаралық сарапшыларды тартумен сараптама жүргізілуге тиіс. Осыдан кейін ғана оқулықтар сынамадан өтуге тиіс», - деді Наталья Новосельцева.

Білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы жайлы айта келіп, баспа өкілі оның апробациядан өтіп жатқанын, бірақ Үкіметтің бекітпегенін атап өтті.

«Оқулықтарды қандай бағдарламамен дайындау қажет – нормативтік құжаттар талап еткендей бекітілген үлгілік бойынша ма, әлде білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы бойынша ма?» - деп орынды сұрақ қойды «КөкЖиек» баспа үйінің өкілі. Ол сонымен бірге аталмыш кезеңдердің барлығына сол нормативтік құжаттар айқындауға тиіс нақты уақыт шектерін  анықтау қажет екенін атады.  

Наталья Новосельцева атап өткендей, 2015 -2016 оқу жылында адамның функционалдық дамуының халықаралық талаптарына жауап беретін жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша апробация басталып та кетті.

«Тұлғаның функционалдық сапалық сауаттылығы жоспарына бастамашылдық, шығармашылықпен ойлау, стандарттан тыс шешімдер табу қабілеті, кәсіби жолды таңдай білу, өмір бойы оқуға, кәсіпкерлік негіздерін үйренуге дайындық кіреді. Аталмыш функционалдық дағдылар мектеп жағдайында қалыптасады», - дейді Наталья Новосельцева «бір орында тұрмай, мемлекеттік стандарт аясынан шығуға» үндей отырып.

Баспагер бүгінде сараптамадан өтпеген оқулықтар мен бағдарламаның апробациядан өтіп жатқанын атай отырып, оқулықтың қандай болмауға тиіс екенін жеткізді.

«Әрбір баспа Білім және ғылым министрлігіне алдымен әрбір білім беру саласы бойынша бағдарламаларын ұсынғаны дұрыс болады деп есептейміз. Министрлік ашық байқауда Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша ең дұрыс жасалған бағдарламаны таңдап, сол бойынша оқулық жазылады. Сонда, шынымен де, заманауи, халықаралық стандарттарға жауап беретін оқулықтар жарық көреді», - деп түйіндеді баспагер.

Сонымен қатар оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды жұртшылықтың өзі анықтауға тиіс екені аталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер