astana-view

Алыпсатарларды жолатпаймыз

2015 жылғы 23 Қараша
7928 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында фермерлерді алыпсатарлардан қорғау және елімізді бастапқы таратушылар қолынан тамақтандыру тәсілі табылды

Алматы қаласы биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы фермерлерінен ауылшаруашылық өнімін тікелей алатын болады. Бұл ірі мегаполистегі базарлар мен сауда орындарын алыпсатарлардың көптеген жүйесінен айналып өтіп, тікелей толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамалаған тікелей өткізу жүйесі жобасының бастау алуының арқасында мүмкін болып отыр. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бүгін өткен Қазақстан үкіметінің отырысында пилоттық жобаның кейбір тұстарын таныстырып өтті. Ол «Атамекен» мамандары жүргізген зерттеулерге сәйкес азық-түлік бағасының негізсіз түрде жоғары болуына басты себептің бірі өткізу жүйесі болып табылатынын атады. «Атамекен» жағдайды орнына келтіру үшін Үкімет бекітіп қойған тамақ саласын дамытудың кешенді жоспарына жүгінуді ұсынады. «Менің ойымша, қайтып оралуға тиіс сияқтымыз (аталмыш жоспарға – Ред.), ал сауда желілерімен талқылаған болатынбыз. Олар үшін бұл ең дұрысы болмаса да, отандық тауарлардың сөрелерде 50% орынды алғаны заңды», - деп атады Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» басшысы сонымен бірге сауда желілері иелерінің өз кезегінде «тауар өндірушілер тарапынан ырғақтылыққа, жеткізулер кестесіне, тауарлар сапасына» кепілдік берілуін талап етіп отырғанын атады.

«Мұндай қалыпқа осындай жолмен екі жақтан келу мүмкін деп ойлаймын. Мұны өндірушілеріміздің кооперациясы жолымен шешуге болады», - деп баса көрсетті Абылай Мырзахметов. Оның үстіне, «Атамекен» дәл осы өткізу деңгейінде жұмыс жасайтын кооперациялық жобаны іс жүзінде енгізуге кірісті. Таяу күндері жаңалықтың презентациясы өтеді, ал «Атамекен» басқа қалалар мен облыстар әкімдіктерін де кооперацияны қолдауға шақырады. «Біз Алматы облысы бойынша пилоттық жобаны дайындадық. Ол өнімді тікелей өткізу жүйесін дамытуда болып отыр. Жоба дайындау орындарын ұйымдастыру, өнім пулын шоғырландыру және Алматы базарына тікелей шығару жолымен ауылшаруашылық өндірушілер кооперациясына негізделген», - деп түсіндірді Абылай Мырзахметов. 

«Атамекен» Басқармасының Төрағасы сонымен қатар мемлекеттік органдардың қазіргі заманғы жағдайда бизнеспен әрекеттестік жасау әдістерін қайта қарауы қажет. «Егер біз бизнесті бәсекеге қабілеттілікке үндейтін болсақ, онда әкімшілік реттеу шараларынан бас тартып, нарықтық тәсілдерге көшуіміз қажет. Шекаралар ашық. Ресейлік, белорустық өнімдер бар, сондықтан да мұндай қатаң емес реттеу кезінде отандық тауар өндірушілердің бағаны шарықтатуға баруы екіталай, себебі бәсекелестік бар», - деп түйіндеді Абылай Мырзахметов.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер