astana-view

Заңдар виртуалды түрде талқыланады

2015 жылғы 26 Қараша
8699 просмотров

«Халық заңы» жүйесі жобаларды көпшілікпен талқылауға және жобаның әрбір бабына кез-келген тұлғалардың түсінік беруіне мүмкіндік береді

ҚР ҰКП Еуразия Заңгерлер клубымен бірге «Халық Заңы» - “BestProfi” ақпарттық жүйесінде заң жобаларын көпшілікпен талқылау үшін орталықтандырылған краудсорсингтік онлайн-жүйе дайындады.

«Атамекенге» сараптамаға келіп түсетін барлық жобалар жедел түрде барлық қосымшаларымен бірге жүйеге енгізіледі. Кез-келген тұлға кез-келген НҚА жобасын талқылаудың күллі тарихын алғашқы редакциясынан бастап соңғысына дейін көре алады.

«Халық заңы» жүйесіндегі жобаларға қолжетімділік тегін болып табылады, және де кез-келген тұлға мемлекеттік билік органының заң жобалау жұмысы, нормативтік актілерінің реттеушілік әсерін талқылауға және талдауға қатыса алады. Осылайша, мемлекеттік заң жобалау қызметін дамытуға үлес қосады.

Жүйе жобаларды көпшілікпен талқылауға және кез-келген тұлғаның жобадағы әрбір бапқа түсінік беруіне мүмкіндік береді. Ал заң жобасы баптары бойынша көпшіліктің түсініктері түсінік беруші субъектілер бойынша бөлінеді: 1) сарапшылар; 2) халық; 3) мемлекеттік органдар; 4) бизнес-қауымдастықтар. «Лайк» немесе «дислайк» белгілерін басу арқылы әрбір түсінік үшін дауыс беруге болады. Түсініктерді күні, танымалдық рейтингісі, мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтар және сарапшылар бойынша сұрыптауға болады.

Жобаларға деген түсініктер ашық және әрбір пайдаланушының қарауы үшін қолжетімді. Бұл заң жобасын талқылау және қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. ҰКП барлық мамандары жобаларға жазылған барлық түсініктерді көре алады және оларды сараптама жүргізу кезінде ескере алады. Бұл да ҰКП сараптау жұмысының сапасын арттырады.

ҰКП-ға сараптамаға келіп түсетін жобалар тізімі күн сайын автоматты түрдегі хабарлау көмегімен электронды мекенжайларға таратылып отырады.

ҰКП-ға сараптамаға келіп түсетін нормативтік-құқықтық актілер жобалары жайлы таратпа алғыңыз келсе, электронды мекенжайыңызды мына e-mail-ге жіберіңіз: a.doskaliyeva@bestprofi.kz немесе мына нөмірге қоңырау шалыңыз 7 (727) 357 23 16 

Нұсқаулықпен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер