astana-view

5 мыңнан астам кәсіпорын 67 мың маман жетіспеушілігін бастан кешіп отыр

2015 жылғы 02 Желтоқсан
8893 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай ақпарат жеткізді.

«Биылғы жылы 5500 кәсіпорында жүргізген сауалнамамыз отандық кәсіпорындарда шамамен 67 мыңға жуық маман жетіспейтінін көрсетті. Сонымен бірге осы кәсіпорындарда сұралатын мамандар қажет, бірақ оларды нарықтан табу оңай емес», - деп атады Нұржан Әлтаев.

Оның айтуынша, былтырғы жылы Дуалды білім берудің жол картасы қабылданып, оның аясында бірқатар кәсіпорындар өздеріне қажет мамандарды оқытуға тапсырыс жасаған.

«Дуалды оқытудың жол картасы аясында кәсіпорындар, колледждер мен мамандар арасында үш жақты шарттар жасалды. Бүгінде 16 мыңнан астам маман даярлықтан өтіп жатыр. 2016 жылы кәсіпорындар тапсырысымен оқып жатқан мамандар диплом алып, осы өндіріс орындарына жұмысқа барады деп күтеміз», - деп атады ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, үш жақты шарттарға қол қойған кезде тапсырыс беруші кәсіпорындар осы мамандарды оқуы аяқталған соң жұмысқа тұрғызуға міндет алады.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің жастар үшін тегін болатыны жайлы мәлімдегені көңіл қуантады. Бұл білімнің қолжетімділігіне жол ашады. Жастардың көп бөлігі ендігі жерде колледжге оқуға барып, қарапайым жұмысшы мамандықтарды игереді деп есептейміз», - деп баса көрсетті Нұржан Әлтаев.

Оның айтуынша, алдағы «Барлығына арналған тегін кәсіптік техникалық білім» жобасының іске қосылуына орай ҰКП Білім және Ғылым министрлігімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Сонымен, Нұржан Әлтаевтың айтуынша, кәсіпкерлер колледждерге кадрлар даярлауға тапсырыстар ұсынуға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер