astana-view

Техникалық реттемені сақтайық!

2015 жылғы 07 Желтоқсан
11246 просмотров

«Атамекен» ҰКП Техникалық реттеу департаменті Кеден одағының техникалық реттемелері нормаларын қолдануды түсіндіреді

Бүгінгі күні «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» «деңгейлес техникалық реттеме» қабылданды және әрекет етуде (2013 жылғы 1 шілдеден бастап). Оған орай сәйкестік бағасы мынадай формаларда жүргізіледі:

- тамақ өнімінің сәйкестігін растау (мағлұмдау);

- мамандандырылған тамақ өнімін мемлекеттік реттеу (балалар тамақтануына арналған тамақ өнімі, соның ішінде балалар тамақтануына арналған ауыз су, емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімі, минералды табиғи, емдік-асхана, емдік минералды су);

- тамақ өнімін жаңа түрдегі мемлекеттік тіркеу;

- ветеринарлық-санитарлық сараптама (жануарлардан алынатын қайта өңделмеген тамақ өнімі – ет, сүт, жұмыртқа айналымға шығарылар алдында сарапталуға тиіс). Ветеринарлық қызмет жүргізеді (ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі).

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы техникалық реттемені қабылдау туралы шешімімен оны қолданысқа енгізу бойынша өтпелі кезеңдер анықталды. Сонымен, 2015 жылғы 15 ақпанда тамақ өнімдеріне қатысты 2013 жылғы 1 шілдеге дейін берілген немесе қабылданған Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік нормативтік құқықтық актілерімен немесе КО және БЭК мүше мемлекеттері заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттардың әрекеті аяқталды. Үстіміздегі жылдың 15 ақпанына дейін өндіру және шығаруға жол берілді. Алайда 2013 жылғы 1 шілдеге дейін ұлттық заңнамаға сәйкес берілген немесе қабылданған сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар болған жағдайда 2015 жылғы 15 ақпанға дейін айналымға шығарылған тамақ өнімі заңнамасына сәйкес КО және БЭК мүше мемлекет заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық мерзімі бойында сәйкестік туралы құжат берілген немесе қабылданған КО және БЭК мүше мемлекет аумағында айналымға түседі және КО мүше мемлекет заңнамасына немесе Комиссияның 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 386 Шешіміне сәйкес ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықта айналу белгісімен) таңбаланады. Мұндай өнімнің КО (ЕАО) мүше мемлекет нарығында Бірыңғай айналым белгісімен таңбалануына жол берілмейді.

Техникалық реттемеде сонымен қатар өтініш беруші тамақ өнімінің сәйкестігін бағалау (растау) кезінде КО мүше мемлекет заңнамасына сәйкес оның аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлға, өндіруші, сатушы, не шарт негізінде шетелдік өндіруші функциясын атқарушы болуы мүмкін екені белгіленді.

Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №293 шешімімен Кеден одағының техникалық реттемесіне сәйкестік туралы сәйкестік сертификаты мен декларацияның бірыңғай нормасы және оларды ресімдеу тәртібі бекітілді.

Аталмыш шешімге сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары көшірмелерін өтініш беруші қажет болған жағдайда әзірлейтінін және оның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатынын; сәйкестік туралы тіркелген декларация көшірмелерін қажет болған жағдайда сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған (өндіруші, сатушы, өндіруші уәкілеттік берген тұлға) тұлға әзірлейді және оның қолтаңбасымен, мөрімен куәландырылатынын атап өту керек.

Сонымен қатар Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» «сатылас техникалық реттемелері» күшіне енді (2014 жылғы 1 мамырдан бастап).

Аталмыш реттемелерге орай сәйкестікті бағалау мынадай формаларда жүргізіледі:

Сүт және сүт өнімдері

1. сәйкестікті декларациялау;

2. балалар тағамы өнімдерін мемлекеттік тіркеу;

3. сүт өнімін жаңа түрдегі мемлекеттік реттеу;

4. одан әрі қайта өңдеу үшін кәсіпорынға жеткізілетін пісірілмеген сүт, пісірілмеген майсыздандырылған сүт және пісірілмеген кілегейге ветеринарлық-санитарлық сараптама.

Ет және ет өнімдері

1. сойыс өнімдері (шикі өнім) (сонымен бірге балалар тағамына арналған сойыс өнімдері) КО кедендік аумағына шығарар алдында ветеринарлық-санитарлық сарапталуы тиіс;

2. ет өнімі (сойыс өнімдерін қайта өңдеу, өңдеу жолымен әзірленген тамақ өнімі) (балалар тағамына арналған ет өнімінен басқа және жаңа түрдегі ет өнімінен басқа) КО кедендік аумағына айналымға шығарар алдында белгіленген тәртіпте сәйкестікті декларациялауға тиесілі.

Сонымен қатар, «ЕТ және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО техникалық реттемесінің IV Тарау 10 тармағына сәйкес «КО кедендік аумағында айналымға түсу кезінде сойыс өнімдері мүше мемлекет уәкілетті органдары беретін ветеринарлық сертификат және тауарға ілеспе құжаттамамен бірге жүреді». Мүше мемлекеттер арасында қозғалыста болатын, ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) бағынышты, үшінші елдерден әкелінген немесе КО кедендік аумағында өндірілген ет өнімі эпизоотиялық жағдайын растайтын, санитарлық-ветеринарлық сараптама жүргізусіз мүше мемлекеттік уәкілетті органы беретін ветеринарлық сертификатпен бірге жүреді. Ветеринарлық бақылауға бағынышты сойыс өнімі және ет өнімінің әрбір топтамасы КО кедендік аумағына жөнелткен елдегі уәкілетті орган берген ветеринарлық сертификат болған жағдайда әкелінеді».

Балық

Балық және балық өнімдеріне, оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін Кеден одағының техникалық реттемесі күшіне енгенге дейін, мұндай өнімге қатысты КО нормативтік құқықтық актілері немесе Одаққа мүше мемлекет заңнамасының қағидалары әрекет етеді.

Сонымен қатар ҚР аумағында ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 мамырдағы қаулысымен бекітілген «Балық және балық өнімдері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық реттемесі әрекет етеді. Оған сәйкес ішкі сауда нысандарында өнімді алып жүру кезінде балық және балық өнімінің аталмыш реттеме талаптарына, ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-гигиеналық қағидалар мен нормаларға сай келуін қамтамасыз ету қажет, сонымен қатар оның қауіпсіздігі мен қадағалануын растайтын құжаттар болуын қамтамасыз ету керек (ветеринарлық сертификат, тауарлық-ілеспе құжаттама).

Кеден одағы аясында КО Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы шешімімен бекітілген бірыңғай құжаттарды берумен сәйкестікті міндетті бағалау (растауға» жататын Бірыңғай өнім тізбесіне сәйкес балық өнімі сәйкестігін міндетті түрде растауға жатады.

Тағамдық жұмыртқа

Тағамдық жұмыртқаның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қазірде «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық реттемеде берілген. Ол қабылданғанға дейін ҚР аумағында өзіміздің қазақстандық техникалық реттеме әрекет етеді.

ҚР аумағына әкелінетін және осында айналымда жүрген жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері 2010 жылғы 5 қарашадағы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ұлттық техникалық реттемесіне сәйкес келуге, сонымен қатар қауіпсіздік пен қадағалануды растайтын құжаттармен бірге жүруге тиіс (ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама, тауарлық-ілеспе құжаттама).

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы сәйкестік сертификатының бірыңғай формалары туралы және Кеден одағы техникаық реттемелеріне сәйкестік туралы декларациясы және ресімдеу қағидалары туралы Шешімі, № 293

Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті комитетінің хаты

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің КО бірыңғай формалары бойынша сәйкестік туралы декларацияны қолданудың заңдылығына қатысты хаты

Төменде пайдалы сілтемелер берілген.

https://www.memst.kz/about/rukovodstvo.php (ҚР ҰЭМ Техникалық реттеу комитеті)

http://kzpp.gov.kz/rus/  (Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті)

http://www.eurasiancommission.org/ru/act/texnreg/deptexreg/tr/Pages/default.aspx (Еуразиялық экономикалық комиссия)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер