astana-view

Марат Баққұлов: «Бизнес үшін бүгінгі таңда отандық сатып алулардағы әділ процедуралар жоқтың қасы»

2015 жылғы 10 Желтоқсан
11481 просмотров

Бизнес өкілі ҰКП-ның Адал ниетті жеткізушілер тізілімін және Индустриялық сертификат жасау жайлы идеясына қолдау көрсетті

«Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Марат Баққұлов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының кеңейтілген отырысында сөз ала отырып, «Қазақстан Республикасының ДСҰ және ЕАЭО-ға мүшелік жағдайында бүгін қаралып отырған Отандық тауар өндірушілерді қолдау тұжырымдамасы ел бизнесі дайындап, бастамалаған өзекті, уақытылы жасалған құжат» екенін мәлімдеді.

«CT-KZ» сертификатын Индустриялық сертификатпен ауыстыру жай ғана формалдылық емес, жаңа бизнес-мемлекеттік қатынастарға жасалған тиімді қадам екенін бәріміз де жақсы түсінеміз. Үкімет пен ҰКП-ға бірдей бағынатын Адал ниетті жеткізушілер тізілімі және Индустриялық сертификат мемлекеттік сатып алулар және «Самұрық-Қазына» жүйесіндегі сатып алулар саласындағы негіз қалайтын құжаттар болып табылмақшы. Бұл қағида отандық тауар өндірушілер үшін ең тартымдысы болып табылады», - деді Марат Баққұлов.

Оның айтуынша, Қазақстанның Машина жасаушылар одағы Адал ниетті жеткізушілер тізілімін және Индустриялық сертификатты жасақтауды бастамалаушылардың бірі болып табылады.

«Ұлттық палата тауардың шыққан тегі туралы «СТ-KZ» формасындағы сертификаттар бойынша ішкі аудит жүргізе бастаған күннен бері бізде Машина жасаушылар одағының техникалық мамандары әрі өкілдері ретінде аталмыш іс-шараға ат салыстық. Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап ҰКП құрған аудиторлық комиссиялар қатарында алғаш боп кәсіпорындарда ондаған тексеріс жүргіздік. Әрекет етуші бизнеске қатысты алғанда 50 де 50 пайыздық қатынасянда көптеген «жалған өндірушілер» анықталды, кейде тіпті адам шошырлық сандар кездеседі: орналасқан жеріне барып тексерілген машина жасау саласы кәсіпорындарының (шамамен 60) шағын ғана мөлшері сертификаттары мен технологиялық процестерін растай алды (шамамен 11 кәсіпорын)», - деп атады кәсіпкер.

Ол сонымен бірге өндірушілердің өздеріне ішкі аудитті жүргізу кезінде қарапайым құрастыру жұмыстарымен айналысатын, не болмаса «Қазақстанда жасалған» деген логотибі бар шетелден әкелінген тауарлармен сатып алуларға қатысатын бірқатар компаниялардағы «жалған кәсіпкерлік» деректері айқындалғанына баса көрсетті.

Марат Баққұловтың сөзінше, қолданыстағы CT KZ тетігі қажет нәтижені бермейді, керісінше жосықсыз бәсекелестікке және мемлекеттік сатып алуларды сапасыз өткізуге, тендерлер мен сатып алулардан шынайы өндірушілерді шығарып жіберуге алып келеді.

«Бүгінгі таңдағы мемлекеттік сатып алулар нарығы бизнес-қоғамдастықты қанағаттандырмайды. Бүгінде бизнесте отандық сатып алулардың кіршіксіз, таза, ашық процедуралары жоқ деуге де болады. Барлық сатып алулар процедуралары, тіпті электронды түрде де, қандай да бір шығындармен, жемқорлық белгілерімен, үшінші күштердің қызығушылығы және килігуімен өтіп, осының салдарынан тендерге қатысушылардың наразылығын тудырады», - деп мәлімдеді Алматы желдеткіш зауытының басшысы.  

Марат Баққұлов осыған орай Үкіметке жүгіне отырып, отандық өндірушінің мәртебесіне растауды жүргізуді ҰКП-ға, ол арқылы салалық қауымдастықтар мен одақтарға беруді ұсынды.

«Отандық сатып алулардың жаңа, сенімді үлгісін ұсынамыз. Онда әрбір кәсіпорын өзін ерекше танытуға тиіс. Ширек ғасырда және еліміздің қазіргі заманғы тарихында алғаш рет елдегі күллі бизнестің өнеркәсіптік әлеуеті жайлы дәйекті ақпарат туралы науқан жарияланып отыр. Бұл Қазақстан өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін береді», - деді кәсіпкер.

Оның ойынша, Әлеуетті жеткізушілер тізілімі және Индустриялық сертификат кәсіпорын өнімінің сапасын, оның кәсіпқой авторлығын, өндіруге деген айрықша құқықты мойындауды және мемлекеттік сатып алулар мен «Самұрық-Қазына» жүйесі сатып алуларына қатысу кезіндегі өнімінің әлеуетін алдын ала айқындап береді. Ал Индустриялық сертификат мемлекетке де шығарылатын тауарды отандық өнімге сәйкес келуін мойындауға куә болатын басымдылықты өнімді қолдануға деген айрықша құқық бере алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер