astana-view

Пекинге ашылған «терезе»

2015 жылғы 14 Желтоқсан
8939 просмотров

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қазақстандық экспортшыларға Қытайға апарар жолды қамтамасыз етеді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың Пекинге жасаған ресми сапары аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен ауылшаруашылық ынтымақтастық жөніндегі "Чжунсиньцзянь» Шыңжаң өндірісті-құрылыс мемлекеттік корпорациясы халықаралық компаниясы арасында екі жақты меморандумға қол қойылды.

Аталмыш құжат қазақстандық өндірушілер мен ауылшаруашылық өнім экспортшыларының тауарларын Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы арқылы «бірегей терезе» қағидаты бойынша экспорттауына мүмкіндік береді.

Оның үстіне, кәсіпкерлерге жаңа инвестициялар тарту және ҚХР-дан технологиялар трансферін жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі.

«Бүгінгі күнгі қиын жағдайда шет елдермен ынтымақтастық ерекше маңыз бен мәнге ие болады. Отандық экспортшылардың Қытайға өнім жеткізудегі қиындықтардан туындайтын көптеген мәселелерін ескере отырып, екі елдің бизнес-қоғамдастығы алдынан үлкен келешекке бастайтын жаңа іскерлік формат ойлап таптық. Бұл тәсілдің тиімді жұмыс құралы қызметін атқарып, елдеріміз арасындағы мызғымас әріптестік байланыстардың кепілі боларына сенімдімін», - деп баса көрсетті Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Мейірбек Мәжитов қытайлық әріптестермен кездесу барысында.

Тараптар іскерлік келіссөздер барысында сүт өндірісі, май жасау өндірісі, өсімдік шаруашылығы саласында – көкөніс-жеміс дақылдарын өсіру, мал шаруашылығы, тамшылай суару материалдарын әзірлеу, сонымен қатар тұрмыстық қызмет көрсету саласы сияқты секторларды қамтитын өңдеу өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың басты тармақтарын белгілеп алды. Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған қазақстандық делегацияның Пекинге сапары отандық кәсіпкерлік қоғамдастық үшін үлкен келешекке жол ашады, сонымен қатар өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықтың нығаюына және дамуына сеп болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер