astana-view

15 желтоқсаннан бастап кеден баждарының төмендеуі

2015 жылғы 14 Желтоқсан
14330 просмотров

14 желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті төрағасының орынбасары Арғын  Қыпшақов «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дана Жүнісовамен бірге Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тарифтік міндеттемелеріне сәйкес тауарларды төмендетілген импорттық баждар бойынша әкелу және апару тәртібі мәселелері төңірегінде баспасөз конференциясын өткізді.

Үстіміздегі жылдың қараша айында Палатаның уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен отандық кәсіпкерлерге Тізбедегі тауарларды, яғни төмендетілген кеден баждарымен әкелінген тауарларды әкелу/апару тәртібін түсіндіруге арналған Дөңгелек үстелдер мен жиналыстар топтамасын өткізе бастағанын еске сала кетейік.

Қазақстан қабылданған міндеттемелеріне сәйкес Алып қоюлар тізбесіндегі тауарлардың Одақтың басқа елдерінің аумағына апарылуына жол бермеуге тиіс. 

Үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен 1347 тауар жайғасымына кедендік әкелу бажы төмендетіледі. Қазақстанға төмендетілген кеден баждарымен әкелінетін тауарлардың ЕАЭО басқа мүше мемлекеттеріне қайта экспортталу тәуекелін ескере отырып, Қазақстан Тізбедегі тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету және оларды есепке алу жүйесін құру міндеттемесін өз мойнына алды.  

Осыған байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік табыс комитеті Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара сауданы жүзеге асыру кезіндегі қазақстандық кәсіпкерлер жұмысының жаңа қағидаларын реттемелейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне айтарлықтай өзгертулер енгізді.

Үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанынан бастап сыртқы сауда қызметін жүзеге асырушы барлық кәсіпкерлерге Одақтың кедендік аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу/апару кезінде келесі алгоритмді басшылыққа алу қажет.

ҚМ МТК төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов атап өткендей, бірінші кезекте есепке алу жүйесінің аясында жұмыс жасау және тауарларды бақылау үшін кәсіпкерлердің екі тауарға ілеспе құжатты ресімдеуі қажет болады: кедендік декларация және электроды шот-фактура.

Бастапқы кезеңде Алып қоюлар тізбесіне кіргізілген тауарларды әкелу кезінде кәсіпкерлерге таңдау ұсынылады: тауарды қандай мөлшерлемемен әкелуді қалайды. Егер тауар Қазақстан аумағынан Одаққа мүше мемлекеттерге апарылатын болса, онда тауарларды кедендік тазартуды БКТ мөлшерлемесі бойынша жүргізу қажет. 

Егер кәсіпкер тауардың Қазақстан аумағында ғана қолданылатынына сенімді болған жағдайда, онда тауарды ДСҰ мөлшерлемесімен ресімдеуіне болады. Онда тауарлар тек Тізбедегі тауарлар ғана көрсетілетін және төмендетілген кедендік баждар бойынша жеке кедендік декларацияны толтыру қажет.

Бұдан кейін Тізбедегі тауарларды өткізу кезінде барлық кәсіпкерлерге, тауар қандай мөлшерлемемен әкелінгеніне және ол Қазақстан аумағынан әкетілу-әкетілмеуіне қарамастан, электронды шот-фактураны толтыру жөніндегі міндетті талап туындайды.
Электронды шот-фактуралармен жұмыс жасау үшін Тізбедегі тауарларды әкелуді жүзеге асырушы барлық кәсіпкерлердің www.egov.kz сайтына онлайн өтінім беру жолымен электронды сандық қолтаңба алуы қажет.

ЭСҚ алғаннан кейін http://www.esf.gov.kz/ сайтына кіріп, ЭШФ ақпараттық жүйесіне тіркелу талап етіледі. Тіркелген сәттен бастап тауарларды электронды түрде өткізуге шот-фактураларды ресімдеу қажет болады (егжей-тегжейлі презентация мына жерде)

Электронды шот-фактурада мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1. Кедендік әкелу бажы мөлшерлемесінің белгісі: БКТ немесе ДСҰ;
2. Аумағына Тізбедегі тауар әкелінетін ЕАЭО елінің әріптік коды;
3. Әкелу орны;
4. Тауар атауы
5. Тауардың СЭҚ ТН коды
6. Тауар саны (көлемі)
7. Тауар декларациясының тіркеу нөмірі және декларацияланатын тауардың реттік нөмірі
8. Тауарларды сатып алған кездегі Тізбедегі тауарларды жеткізушіден алынған ЭШФ нөмірі

Кәсіпкерлер назарын ЕАЭО мүше мемлекеттерге Тізбедегі тауарларды өткізу және әкету шарты ҚР ҚМ аумақтық мемлекеттік табыс органдары куәландырған ЕАЭО БКТ және электронды шот-фактура мөлшерлемелері бойынша әкелуді растайтын кедендік декларацияның қағаз көшірмесі болып табылатынына аударамыз.

Аталмыш құжаттарды куәландыру мақсатында ҚР Қаржы министрлігі аумақтың мемлекеттік табыс органдарына белгілі формадағы өтінішті (қоса тіркелген) беру қажет. 
«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін, презентация әзірледі (қоса тіркелген). Онда Тізбедегі тауарларды әкелу және өткізу тәсілдері, сондай-ақ Тізбедегі тауарларды ЕАЭО басқа мүше мемлекеттеріне апару кезеңдері сипатталған.

Арғын Қыпшақов Мемлекеттік табыс комитетінде қабылданған заңнамалық нормаларды түсіндіру жөніндегі тәулік бойғы телефон жұмыс жасайтынын хабарлады, телефон № 1412.   
Дана Жүнісова сонымен бірге ЕАЭО елдеріне тауарларды өткізу кезінде «Атамекен» ҚР ҰКП сайтына тұрақты негізде ашық орналастырылған тауарлар Тізбесімен салыстыра тексеруді жүргізу қажеттігіне назар аударды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер