astana-view

Қаржы есебі – қосымша әкімшілік кедергі

2015 жылғы 30 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
11087 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу қағидаларына өзгертулер енгізуді сұрайды

Мәселе Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы №49 қаулысы жайлы болып отыр, яғни шаруа қожалықтарының «ҚазАгроФинанс» АҚ атына қаржы есебін ұсыну жөнінен ауыл шаруашылық саласындағы әкімшілік кедергіні жою қажет.

Құқық орнататындардан басқа құжаттар тобы соңғы екі жылдағы және өтініш берген күн алдындағы соңғы есептік тоқсанға қаржы есебін – салық декларациясының көшірмесі қоса тіркелген бірінші басшы мен бас бухгалтердің мөрі және қолтаңбасымен расталған түпнұсқаны міндетті ұсынудан тұрады. Көрсетілген құжаттар үлестес компанияларға да ұсынылады.

«Шаруа қожалықтарының көп бөлігінің штатында қаржы есебін жүргізетін бухгалтерлер жоқ, бұл жоғарыда көрсетілген құжаттардың ұсынылуын айтарлықтай қиындатады», - деп атады ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

«ҚазАгроФинанс» АҚ негізгі функциясы – лизингтік операциялар, қаржылық арендаға техника, жабдықтар, және өзге де жылжитын мүлікті ұсыну. «ҚазАгроФинанс» АҚ қарыздық операциялары тек инвестициялық жобаларды ғана жүзеге асырады.

«ҚазАгроФинанс» АҚ-ға қаржы есебін ұсынумен байланысты түйткіл жүйелік сипатқа ие.

Осыған орай Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы лизинг ұсыну бойынша, қаржы мониторингі бойынша Қағидаларға сәйкес құжаттама жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды қолдануды ұсынады, атап айтқанда, қаржы есебін ұсыну және жыл сайынғы әрі тоқсан сайынғы қаржы мониторингін жүргізу, және де аталмыш құжаттарды тек қоғамдастық қаржыландыратын инвестициялық жобалар аясында қарыз беру кезінде ғана талап ету, сонымен қатар аталмыш мәселе Түйткілдер тізіліміне және кәсіпкерлер түйткілдерін шешу картасына кіргізілсін.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер