astana-view

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жаңа тағайындау

2016 жылғы 05 Қаңтар
13123 просмотров

Елдос Рамазанов Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен Рамазанов Елдос Мұратұлы  Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Елдос Мұратұлы 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап Басқарма  Төрағасының орынбасары қызметіне кірісті.

Елдос Рамазанов бұл лауазымға тағайындалғанға дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Аппарат басшысықызметін атқарған.

Елдос Рамазанов Қарағанды қаласының тумасы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтап (1993жылы), кейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңгер мамандығын тамамдаған.

Әр жылдарда жеке меншік коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарда болған. «БанкТұранӘлем» ЖАҚ Ақмола филиалында саудадан тыс операциялар бөлімінің бастығы, экономикалық талдау секторының меңгерушісі, "Астана темiр жолы" ҚСД "Қазақстан темір жолы" РМК бастығының орынбасары, «Астана» қаржы-экономикалық орталығының бастығы, «Қазақстан темір жолы» РМК Қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасы бастығының орынбасары, "Intertrade GmbH" (ГФР) бас директорының орынбасары, "Агрохимия" ЖШС қаржы директоры, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі аппаратының басшысы – Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары қызметінде болған.

2006-2007 жылдары - "KAZENERGY" Қоғамдық қорының атқарушы директоры, одан кейін - "Рауан Медиа Групп" АҚ бас директорының орынбасары – ақпараттық-талдамалық орталығының директоры, "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры аппаратының басшысы, «Жетісу» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Бүркіт» Қаржы-өнеркәсіптік корпорациясы» бас директорының орынбасары, ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті.

2011-2013 жылдары – «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылғы қыркүйек айынан бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Аппарат басшысы қызметінде болған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер