astana-view

Басты мәселе – бизнесменнің беделі

2016 жылғы 26 Қаңтар
- Қызылорда облысы
6996 просмотров

Сот орындаушысының жауапсыздығы кәсіпкер жұмысына кедергі болды

Өткен жылы «СырСтройПроектСервис» ЖШС басшысы Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасына құқықтық көмек сұрап жүгінген болатын.

«СырСтройПроектСервис» ЖШС 2015 жылы Жаңақорған ауданы құрылыс бөлімінің электронды байқау тәсілімен ұйымдастырған «Жаңақорған ауданы Ақкүйік ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы» жобасын мемлекеттік сатып алуға қатысады.

Байқау комиссиясы өтінімдерді қарау барысында кәсіпкердің Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы шешімі негізінде борышқорлар тізіліміне енгізілгенін анықтап, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР заңына сәйкес тапсырыс беруші кәсіпкерді мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану жайлы қуыным арызбен сотқа жүгінеді.

Серіктестік басшысы бұл туралы тек сотта естиді. Себептерді анықтау барысында 2012 жылғы 19 желтоқсандағы өндірту туралы сот шешімімен кәсіпкер мемлекет пайдасына 29 700 теңге тұрақсыздық айыбы мен 891 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік бажды төлеуге тиіс болып шықты. Алайда кәсіпкер қарызын 2013 жылғы қаңтар айында толығымен өтейді.

Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері сот шешімі негізінде қарызын толық өтегеніне қарамастан, сот орындаушының істі тоқтатпағанын әрі сәйкес органдарға ақпарат жібермегенін айқындады.

Яғни сот орындаушы бұл әрекетімен кәсіпкердің мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығын шектеп отыр және заңды бұзуға жол берген.

Осыған байланысты Кәсіпкерлер палатасы сот орындаушының жауапсыздығы салдарынан кәсіпкер жұмысына кедергі келтірмеуді, сонымен қатар серіктестікті жосықсыз қатысушы деп тану туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрап жүгінді.

Нәтижесінде «СырСтройПроектСервис» ЖШС «жосықсыз» деген мәртебеден құтылып, қызметін жалғастыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер