astana-view

Тимур Құлыбаев: Кредиттің пайыздық мөлшерлемесі бизнестің шамасына қарай болуға тиіс

2016 жылғы 28 Қаңтар
10196 просмотров

Экономиканың нақты секторы үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру қажет

«Атамекен» ҰКП Қаржы секторы комитетінің Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев басшылығымен ірі қаржы институттары, Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы және Микроқаржылық ұйымдар басшыларының қатысуымен өткен жиналысында кредит берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі негізгі тақырып болды.  

Кездесуде ұйымдастыру сипатындағы мәселелер, экономиканың нақты секторы үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында аталмыш нарықты дамытудың ұзақ мерзімдік перспективасына негізгі қатысушылардың бірыңғай көзқарасының қалыптасуы мен жүйелік тұрғыдан келудің маңыздылығы мәселелері талқыланды. 

«Атамекен» ҰКП бизнес өкілі ретінде елдегі бизнесті сақтау және дамыту үшін міндеттер қоятын болады: 12 пайызбен айналымдық кредиттер, 7 пайыздан аспайтын инвестициялық кредиттер талап етіледі. Себебі осындай жағдайда ғана елдегі экономика мен бизнес жұмыс жасай алады. Ұлттық банктің 16 пайыздық базалық мөлшерлемесімен бизнесті дамыту мүмкін емес. Бұған ешкімнің шамасы жетпейді, ол үшін ешқандай мүмкіндік жоқ», - деп атады Тимур Құлыбаев.

Ол қазірде азық-түлік себеті мен халық тұтынатын негізгі тауарлардан бастап, импорттың орнын алмастыру бойынша принципті түрдегі жайғасымнан орын алу қажет екеніне сенімді.

Ұлттық палата басшысы қаржы секторы өкілдерінің назарын экономиканың барлық секторларындағы теңге ролінің нығаюына аударды. Мысал ретінде Кеден одағы бойынша көршілес – Ресей келтірілді. Онда рубльдік ойлау басым түседі.

«Ең ірі бағыттардағы есеп-айырысулар: азық-түлікте және құрылыста рубльмен ғана жасалады, себебі ресейліктер аталмыш салада ең қажеттінің бәрін өндіреді, ішкі нарығын қамтамасыз етеді, әрі оның бір бөлігін экспорттайды. Ал Қазақстанда азық-түлік саласында да, құрылыс саласында да импорт көп бөлікті алып отыр. Сондықтан да долларға таңылу да осындай жоғары деңгейде. Жағдайды өзгерту керек: өз тауарымызды өндіру және теңгеге деген сенімді көтеру қажет», - деді Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата осыған орай жарияланып отырған долларсыздандыру бағдарламасында Ұлттық банк пен қаржы секторының өкілдерін ғана емес, Үкіметтің де ролін күшейтуді маңызды деп санайды.

«Үкімет салық жеңілдіктері, инвестициялық жобаларға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және т.б. есебінен осы бағытта жағдай жасауға тиіс», - деп атады «Атамекен» ҰКП басшысы.

Сонымен бірге, қаржы секторының қатысушылары қаржылық қызметтер нарығындағы ішкі бәсекелестікті сақтағандағы күллі сала үшін ортақ түйткілдерді шешу бойынша бірыңғай көзқарас пен күш шоғырландырудың маңыздылығын талқылады.

Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы ол үшін қаржылық қызметтер нарығы қатысушыларының жетекші бірлестігі орнына жайғасып, өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесіне көшуді жеделдетуге тиіс. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер